«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығы жайлы

«Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның  әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығы жайлы

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Түркістан халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуежайдың реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (әуе кемесінің ұшып көтерілуін және қонуын қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру, әуе кемесіне базалық әуеайлақта тұрақ орнын беру)  тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту).

Жария тыңдаулар 2024 жылдың 19 сәуірде сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 376 151 8140, кіру коды: 123).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 8020».