Көлік министрлігінде ҚХР-мен логистика және көлік технологиялары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Көлік министрлігінде ҚХР-мен логистика және көлік технологиялары саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды

Бүгін Көлік вице-министрі Талғат Ластаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі С.Чжаомен кездесті.

Кездесу Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынастар мен ынтымақтастықты нығайту мақсатында әрі сондай-ақ қазақстандық делегацияның биыл наурыз айындағы  Қытай Халық Республикасына сапары аясында өтті.

Кездесу барысында тараптар екі ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты тереңдетуге және кеңейтуге бағытталған бірқатар маңызды көлік және экономикалық мәселені талқылады. Атап айтқанда, теміржол және автомобиль маршруттарын дамыту, логистика және көлік технологиялары саласындағы ынтымақтастықты қоса алғанда, көлік инфрақұрылымы саласындағы бірлескен жұмыстың перспективалары әңгіме арқауына айналды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ететін бірлескен бастамаларды одан әрі дамытуға ниетті екендерін білдірді.