«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Жезқазған-эйр» Авиакомпаниясы АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметтеріне тарифтерді және тарифтік сметаларды бекіту туралы өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту).
Жария тыңдаулар 2023 жылдың 8 желтоқсанында сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 376 151 8140, кіру коды: 112 233).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56».