Бельгиялық «Challenge Airlines» жүк әуе компаниясымен кездесу өтті

Бельгиялық «Challenge Airlines» жүк әуе компаниясымен кездесу өтті

2023 жылғы 8 маусымда Астана экономикалық форумы шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевтың Қазақстан Республикасының Бельгия Корольдігіндегі Елшісі Марғұлан Баймұханның қолдауымен «Challenge Airlines» бельгиялық жүк әуе компаниясының бас директоры Эшел Хеффецпен кездесуі өтті.

Кездесу барысында «Challenge Airlines» әуекомпаниясының Қазақстанға жүк рейстерін орындау мәселелері талқыланды. Эшел Хеффец мырза әуе компанияның қызметі туралы, әуе кемелерінің техникалық мүмкіндігі туралы, атап айтқанда арнайы жүктерді (жануарлар, уран және т.б.) тасымалдау қызметі туралы хабарлады.

Сонымен қатар, әуекомпания өкілі Астана қаласының әуежайында техникалық орталық құру жөніндегі жоспарлары туралы хабарлады.

Тиімді тасымалдауды қамтамасыз ету мақсатында әуе компанияның әуежайларда өз қоймалары бар. Компания сонымен қатар «есіктен есікке» жүктерді және сәлемдемелерді жеткізу қызметтерін ұсынады.

Қазақстан мен Бельгия арасындағы рейстерді орындау екі ел арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуды жеделдетуге мүмкіндік береді.

Анықтама:

«Challenge Airlines» жүк әуе компаниясы 2017 жылдың сәуір айында құрылған және Льеж (Бельгия) әуежайында орналасқан. Әуе компаниясының әуе кемелері паркі 5 ӘК (Boeing 747 және Boeing 767) тұрады.

Компанияның Израиль мен Мальтада филиалдары бар.

«Challenge Airlines» әуе компаниясы кең ұшу желісіне ие және Хьюстон, Атланта, Нью - Йорк (АҚШ), Осло (Норвегия), Ларнака (Кипр), Тель-Авив (Израиль) және басқа қалаларға жүк тасымалдауды жүзеге асырады.