"Түрікменстан" әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады

"Түрікменстан" әуе компаниясы Алматы мен Ашхабад арасындағы рейстерді қайта бастады

Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейстер санын ұлғайту жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті түрікмен тарапымен бірлесіп Қазақстан мен Түрікменстан арасында әуе қатынасын қалпына келтіру пысықтады.

Осылайша, 2023 жылдың 2 маусымынан бастап"Түрікменстан" әуе компаниясы екі ел арасындағытұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастады. Тасымалдау "Боинг – 737" үлгісіндегі әуекемелерінде жұма күндері аптасына 1 рейс жиілігімен Алматы-Ашхабад бағыты бойынша орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.