Астанада «ИИДМ – 2022 Спартакиадасында» үздіктер анықталды

Астанада «ИИДМ – 2022 Спартакиадасында» үздіктер анықталды

Елордадағы Aspan спорт кешенінде 2022 жылғы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің құрылымдық бөлімшелері мен орталық аппаратының қызметкерлері арасында «ИИДМ – 2022 Спартакиадасы» өткізіліп, спорттың бірнеше түрінен үздіктер анықталды.

Алғашқы күні үстел теннисі мен армрестлинг, сондай-ақ командалық ойын түрлерінен іріктеу сайыстары ұйымдастырылды. Ал жарыстың екінші күні футбол, волейбол және арқан тартыс бойынша жеңімпаздар анықталды.

Армрестлингтен 1-ші орынды Индустриялық даму комитетінің қызметкерлері Жандос Қабдрашов пен Мөлдір Топанова иеленді. 2-ші орын «Орталық аппарат – 1» құрама командасының өкілдері Стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаментінен Ернар Әбілдаевқа және заң департаментінен Жанат Бердібекке бұйырды. 3-ші орыннан Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің (Марат Жарбулов, Әйгерім Ибраева) және «Орталық аппарат – 2» (Интеграция және халықаралық ынтымақтастық және ішкі аудит департаменттерінен Әлихан Ермеков пен Аида Нұрсейітова) командалары көрінді.

Бұл орайда спартакиада барысында дәстүр бойынша ең белсенді көрермендер де ынталандырылды. Армрестлинг сайысында қызу қолдау білдіріп, «Үздік жанкүйер» атағын Инновациялық даму комитетінің қызметкерлері алғанын айта кету керек.

Үстел теннисінен Сатжан Өзбеков, Меруерт Әбділда және Мирас Қуантайдан жасақталған Көлік комитетінің командасы алтыннан алқа тақты. Күміс медальмен Қорғаныс – өнеркәсіп кешені, кадр қызметі және стратегиялық жоспарлау және жобалық басқару департаменттерінің қызметкерлері Қалқен Камалов, Гаухар Әжібаева және Рүстем Досмақов бастаған «ОА 1» командасының еншісінде кетті. Қола жүлдені «ОА 2» командасы иеленді (Санжар Елиупов, Ботагөз Әкімбекова және ТПИ және өнеркәсіптік саясат бойынша жер қойнауын пайдалану департаменттерінен Нұрмұхамед Аюпов). Жарыстың үздік жанкүйері ретінде Көлік комитетінің қолдау тобы танылды.

Арқан тартыста Азаматтық авиация комитеті жеңімпаз атанды, екінші орыннан Автомобиль жолдары комитеті көрінсе, үздік үштікті ИДК түйіндеді. Қала құрылысы және тұрғын үй-коммуналдық саясат департаменті басқармасының басшысы Жанар Байжігітова үздік жанкүйер атанды.

Волейболдан Автомобиль жолдары комитетіне тең келер қарсылас табылмады. Олардың жанкүйерлері де ең белсенділігін көрсетті. 2 орынды Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті иеленсе, 3 орынды «ОА 1» командасы қанжығалады. «ОА 2» командасының мүшесі, құжат айналымы департаментінің қызметкері Шынар Түкешова «Үздік байланыстырушы ойыншы» атанды. «Үздік қорғаушы» - Самат Бекжігіт (Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті), «Үздік ойыншы» - Айбек Түзелхан (АЖК).

Футболдан өткен тартысты ойындарда да Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті өзгелерден оқ бойы озып шықты. Ал аталған құрама команданың ойыншысы Ермұхаммед Жүнісхожаев жарыстың ең нәтижелі шабуылшысы атанды. Күміспен ИДК-нің командасы күптеліп, оның мүшесі Бауыржан Мырзатаев «Үздік қақпашы» атанды. Ойын қорытындысы бойынша 3 орынға Көлік комитетінің командасы табан тіреді. Оның өкілі Қайсар Мәжитов «Үздік қорғаушы» атағына ие болды.

Екікүндік спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің командасы дара шығып, жеңімпаз атанды. Автомобиль жолдары комитеті 2 орында және «Орталық аппарат 1» командасы 3 орын бұйырды. Жүлдегерлерді ҚР ИИДМ аппаратының басшысы Ерболат Мұқаев марапаттады.

Осы ретте Индустрия және инфрақұрылым министрлігі құрылымдық және ведомствоға қарасты ұйымдарда қызмет ететін қызметкерлердің бұқаралық спортпен айналысып, ұжымдық рухты нығайтуға ерекше назар аударып келе жатқанын айта кетейік. Сондықтан спартакиадалар мен түрлі бұқаралық спорттық іс-шаралар үнемі өткізіліп келеді. Мәселен, биыл ақпанда Астананың орталық саябағында шаңғы жарысы бойынша, ал мамыр айында «ИИДМ ВЕЛОЖАРЫС – 2022» сайысы ұйымдастырылғаны мәлім.

Сонымен қатар, министрліктің баспасөз қызметі көктемде журналистер арасында «ИИДМ PRESS CUP» республикалық футзал турнирін және 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай БАҚ командалары арасында «ИИДМ PRESS CUP» волейбол турнирінің өткізілуіне мұрындық болды.

«ИИДМ СПАРТАКИАДАСЫ – 2022»

3 – 4 желтоқсан

«ASPAN» спорт кешені

3 – 4 желтоқсан аралығында өткізілген «ИИДМ Спартакиадасы – 2022» бойынша анықтама.

Жарыстың бірінші күні (3 желтоқсан 2022 жыл) үстел теннисі және қол күрестен жеңімпаздар анықталса, футбол мен волейболдан топтық кезеңдер өткізілді.

Қол күрес

1 орын – Индустриялық даму комитеті (Кабдешов Жандос, Топанова Мөлдір)

2 орын – Орталық аппарат 1 (Абильдаев Ернар ДСПиПУ, Бердібек Жанат ЮД)

3 орын – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті (Жарбулов Марат, Ибраева Айгерим) және Орталық аппарат 2 (Ермеков Әлихан ДИМС, Нурсеитова Аида ДВА)

Үздік жанкүйер – Индустриялық даму комитеті

Үстел теннисі

1 орын – Көлік комитеті (Өзбеков Сәтжан, Әбділда Меруерт, Қуантай Мирас)

2 орын – Орталық аппарат 1 (Камалов Қалкен ДОПК, Әжібаева Гаухар ДКС, Досмаков Рустем ДСПиПУ)

3 орын – Орталық аппарат 2 (Елиупов Санжар ДНпоТПИ, Акимбекова Ботагоз ДНпоТПИ, Аюпов Нурмухамед ДПП)

Үздік жанкүйер – Көлік комитеті

Жарыстың екінші күнінде (4 желтоқсан 2022 жыл) футбол, волейбол, арқан тартудан жеңімпаздар анықталды.

Арқан тарту

1 орын – Азаматтық авиация комитеті

2 орын – Автомобиль жолдары комитеті

3 орын – Индустриялық даму комитеті

Үздік жанкүйер – Байжигитова Жанар

Волейбол

1 орын – Автомобиль жолдары комитеті

2 орын – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

3 орын – Орталық аппарат 1

Үздік жанкүйер – Автомобиль жолдары комитеті

Үздік байланыстырушы – Тукешова Шынар (ЦА 2, ДД)

Үздік блок қоюшы – Бекжігіт Самат (КДСиЖКХ)

Үздік ойыншы – Түзелхан Айбек (КАД)

Футбол

1 орын – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

2 орын – Индустриялық даму комитеті

3 орын – Көлік комитеті

Үздік жанкүйер - Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

Үздік қақпашы – Мырзатаев Бауыржан (КИР)

Үздік қорғаушы – Мажитов Қайсар (КТ)

Үздік сұрмерген – Жунисхожаев Ермухаммед (КДСиЖКХ)

Жалпы командалық есеп

1 орын – Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті

2 орын – Автомобиль жолдары комитеті

3 орын – Орталық аппарат 1