«SCAT» әуекомпаниясы үшін жаңа әуе кемесі келді

«SCAT» әуекомпаниясы үшін жаңа әуе кемесі келді

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мәселен, «SCAT» әуекомпаниясының әуе кемелер паркі ағымдағы жылы жоспарланған 9 ұшақтың бесіншісімен толықтырылды. Заманауи «Боинг-737» ұшағының сыйымдылығы 189 орындық. Бұл әуе кемесі авиакомпанияның флотын 31 бірлікке дейін, оның ішінде 24 «Боинг» моделіне дейін ұлғайтады.

Биылғы тамыздан бастап әуекомпания сыйымдылығы тиісінше 174-тен (оның ішінде 12 бизнес-класс орындары) 189 орынға дейін 4 «Боинг-737» ұшағын алып, іске қосты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар тағы 8 ұшақ алады деп күтілуде, осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл да ұшуды уақтылы орындауға оң әсер етеді.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Аазаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.