Шетелдік және қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялардың тарифтеріне талдау жүргізілді – ҚР ИИДМ

Шетелдік және қазақстандық әуе тасымалдаушы компаниялардың тарифтеріне талдау жүргізілді – ҚР ИИДМ

Әлеуметтік желі пайдаланушыларының жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдау бағасына қатысты жазбаларына байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі осы тарапта арнайы талдау жүргізді.

Сараптамада отандық және шетелдік авиа тасымалдаушы компаниялардың тарифтері мен баға саясаты қамтылды.

Атап айтқанда, қазақстандық «Fly Arystan» лоукост-әуекомпаниясы бірнеше бағыт бойынша шетелдік әуе компанияларымен салыстырғанда тиімді баға ұсынатындығы айқындалды. Мәселен, «Fly Arystan» компаниясының 3 594 шақырым қашықтықты құрайтын Түркістан – Стамбұл бағытындағы 2022 жылдың 6 қыркүйегіндегі билет құны 86 482 теңге болса, аталған қашықтықтағы «Turkish Airlines» компаниясының Нұр-Сұлтан – Анталия бағытындағы биылғы 1 қыркүйектегі билет бағасы 286 823 теңге көлемінде.

Сәйкес бағыт бойынша қазақстандық «Эйр Астана» компаниясының ағымдағы жылғы 1 қыркүйектегі билет құны 186 474 теңге мөлшерінде. Бұл тариф түркиялық әуе тасымалдаушының бағасымен салыстырғанда 100 мың теңгеге төмен.

Осы ретте атап өтерлігі, барлық әуе тасымалдаушы компаниялар динамикалық баға саясаты жүйесін қолданады. Мәселен, ертерек брондалған билет құны ұшу алдында алынған билет бағасынан бірнеше есе төмен. Сәйкесінше, талдау барысында түрлі авиакомпаниялардың белгілі бір датадағы тарифын салыстыру маңызды рөл атқарады. Бұл – нақты әрі айқын талдау жүргізуге мүмкіндік береді.

Осы тарапта тағы бір мысал, қашықтығы «Pegasus Airlines» компаниясының 2 690 шақырымды құрайтын Стокгольм – Анталия бағытындағы биылғы жылдың 1 қыркүйегінде билет бағасы 42 302 теңгені құрайды.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, қазақстандық авиакомпаниялардағы билет құны шетелдік әуе тасымалдаушылармен салыстырғанда тиімді және қолжетімді. Ең бастысы – сапарды алдын ала және дер кезінде жоспарлаған жөн.

Отандық және шетелдік әуе компанияларындағы тариф құны кестеде толығырақ көрсетілген.

Бағыт

Қашықтығы (шқ)

Әуе компания атауы

Билет бағасы (тг)

Рейс күні

 

 

1

 

 

Нұр-Сұлтан - Анталья

 

 

3564

 

Turkish Airlines

368598

21 шілде

(ұшу алдында сатып алынған билет)

268823

1 қыркүйек

 

Эйр Астана

357962

21 шілде

(ұшу алдында сатып алынған билет)

186474

1 қыркүйек

 

2

Түркістан – Стамбұл

(Нұр-Сұлтан – Анталья бағыты бойынша салыстырмалы түрде)

 

3594

 

Fly Arystan

86482

 

6 қыркүйек

 

3

Рейкьявик – Стамбұл

(Амстердам арқылы)

 

4125

 

Turkish Airlines

444673

21 шілде

(ұшу алдында сатып алынған билет)

149701

1 қыркүйек

 

4

Рейкьявик – Анталия

(Брюссель арқылы)

 

5921

Scandinavian Airlines,

Avion Express

 

297910

21 шілде

(ұшу алдында сатып алынған билет)

Air Freight NZ,

Pegasus Airlines

142882

1 қыркүйек

 

5

 

Стокгольм – Анталия

2690

Pegasus Airlines

59163

25 шілде

(ұшу алдында сатып алынған билет)

42302

1 қыркүйек

 

6

Алматы - Ақтау
(Стокгольм – Анталия бағыты бойынша салыстырмалы түрде)

 

2191

 

Fly Arystan

 

20445

6 қыркүйек

 

7

Шымкент – Кутаиси
(Стокгольм – Анталия бағыты бойынша салыстырмалы түрде)

 2400

 Fly Arystan

 55703

7 қыркүйек

8

Нұр-Сұлтан - Бішкек

1032

Fly Arystan

26235

1 қыркүйек

9

Нұр-Сұлтан - Алматы

1062

Fly Arystan

10808

7 қыркүйек