ҚР ИИДМ «таза парақтан» мемлекеттік реттеу жөніндегі салалық жұмыс тобының құрамын жариялады

ҚР ИИДМ «таза парақтан» мемлекеттік реттеу жөніндегі салалық жұмыс тобының құрамын жариялады

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде «Атамекен» ҰКП сарапшыларының қатысуымен кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын енгізу бойынша отырыс өткендігі туралы бұған дейін хабарланған болатын. Басқосуда ведомстволық реттеушілік актілерін қайта қарау және кәсіпкерлік нысандарына міндетті талаптарды тиісті тізілімге енгізу бойынша ауқымды жұмыстардың жоспары айқындалған болатын.

Аталған тізілім кәсіпкерлік ортаға теріс ықпал ететін факторларды анықтап, оған тосқауыл қоюға мүмкіндік береді. Өз кезегінде мемлекеттік бақылау жүйесін жетілдіру жүйесі құқықбұзушылық фактілерін анықтауға, тексеруге және жазалауға негізделген. Сонымен қатар мемлекеттік бақылауды автоматтандыру кәсіпкерлік нысандарын тексеру кезінде адами факторды толығымен жоюға бағытталған.

2022-2023 жылдарға арналған «таза парақтан» кәсіпкерлік қызмет саласындағы жаңа реттеу саясатын іске асырудың жоспарына сәйкес ведомство нормативтік-құқықтық актілердің тізілімін жасады. Атап айтқанда, әуе көлігі (118 НҚА), су көлігі (43), теміржол көлігі (30), автомобиль көлігі (35), өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өндіру және карьерлерді қазу (123), құрылыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласындағы қызмет (ғимараттарды күтіп ұстау және абаттандыру бойынша қызмет) (134), қойма шаруашылығы (қойма және қосалқы көлік қызметі) (2) бағыттары бойынша мiндеттi талаптарды және (немесе) нормативтiк құралдарды қамтитын құқықтық актiлердiң тiзбесі жасақталды.

Сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері мен сарапшылармен бірлесіп әуе, су, теміржол және автомобиль көлігі салаларындағы нормативтік құқықтық актілердің тізбесі бойынша талдау жүргізілді. Биылғы жылғы маусым айының бірінші онкүндігінде кәсіпкерлік саласындағы міндетті талаптардың тізіліміне енгізу үшін нормативтік құқықтық актілердің түпкілікті тізбесін әзірлеу жоспарлануда.

Сонымен қатар ИИДМ «Атамекен» ҰКП, бизнес өкілдері мен сарапшыларды тарта отырып, нормативтік құқықтық актілердің жаңа нормативтік саясатқа сәйкестігін талдау (тексеру) үшін жұмыс топтары мен кіші топтардың құрамын бекітті. Атап айтқанда, жұмыс топтары көлік (автомобиль, теміржол, су және әуе көлігінің секторлары бойынша кіші топтар), өңдеу өнеркәсібі, тау-кен өнеркәсібі, құрылыс, әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету, сондай-ақ қойма шаруашылығы бағыттары бойынша құрылды.

Жұмыс топтары мен кіші топтардың құрамы төменде берілген.

Жұмыс тобының құрамы