Еуропалық Комиссияның және Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттіктің сарапшылары авиацияны мемлекеттік реттеу құрылымының жұмысын зерделеу мақсатында Қазақстанға келді

Еуропалық Комиссияның және Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттіктің сарапшылары авиацияны мемлекеттік реттеу құрылымының жұмысын зерделеу мақсатында Қазақстанға келді

Бұл инспекция Ұлт жоспарының 68-қадамы аясында UKCAA және EASA модельдерін енгізудің тиімділігін қамтамасыз ететін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сыртқы шолуы болып табылады. Еуропалық Комиссияның есебінде, сондай-ақ ИКАО және АҚШ-тың TSA жүргізген басқа да инспекцияларында қызметтің негізгі бағыттарына шолу жасалды. EC/EASA сарапшылары ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан қабылданып жатқан шаралардың енгізілуін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларға сертификаттау мен қадағалау жүргізілуін бағалады.

Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және операторлар жұмысының келесі негізгі бағыттары қарастырылды:

- ұйымдық құрылым мен ресурстар;

- авиациялық заңнама;

- авиациялық персонал куәліктерін беру және оқыту;

- әуе кемелерінің пайдаланушыларын қадағалау;

- ұшу қауіпсіздігін басқару;

- инспекциялық персоналды оқыту және стандарттау.   

Инспекциялардың нәтижелері бойынша елдің авиациялық реттеушісі жетістікке жетіп, 2023-2024 жылдар аралығында өтетін Қазақстандағы келесі толық аудит барысында ИКАО тиімділігінің жоспарланған нысаналы көрсеткішіне 90% жетуі тиіс екендігі хабарланады. Белгіленген жақсарту бағыттары – авиациялық оқиғаларды тергеу туралы есеп беру және бейтараптық мәдениеті. Сондай-ақ Ұлыбритания мен EASA модельдерінің тұтастығын сақтау үшін ұйымдық және қаржылық құрылымдар.    

Осы инспекциялардың нәтижелері бойынша есептерде талап етілетін тиімділікке қол жеткізу үшін одан әрі жұмыс күтілетін салалар егжей-тегжейлі сипатталған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс: «Біз Қазақстан үшін реттеу моделін құру барысында атқарылған жұмыстарға жан-жақты және тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу қажет екендігі маңызды. Бұл есептер маңызды, өйткені олар аяқтау кезеңіне жету үшін тағы не істеу керектігі туралы көзқарастарды береді. Есептер жалпы алғанда дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді және біз Президенттің еліміздің авиация саласына қойған мақсатына жететінімізге сенімдіміз».     

Келесі қадамдар – Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттігімен келесі үш жыл ішінде келісім-шарт жасасу, оған Ирландия тарапынан «Эйр Астана» әуе компаниясының әуе кемелері паркін қайта тіркеудегі өзгерістерді қадағалауға көмек көрсетуде қолдау кіреді. АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) жоспарлы тексерісінен кейін 2022 жылдың көктемінде FAA Cat 1 мәселесін талқылау басталады.