ЕАЭО КӨЛІК САЯСАТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

ЕАЭО КӨЛІК САЯСАТЫНДАҒЫ ҮЙЛЕСТІРІЛГЕН НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше-мемлекеттердің Мемлекет басшылары Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттарын қабылдады.

Үйлестірілген (келісілген) көлік саясатының негізгі бағыттары бірыңғай көлік кеңістігі мен жалпы нарықта көлік қызметтерін кезең-кезеңмен қалыптастыру жолымен жаңа ынтымақтастық деңгейін қарастырады.

Дамудың негізгі бағыттары көлік стратегияларының түйіндесуі мен заңнамаларды сәйкестендіруге негізделген мүше-мемлекеттер арасында көлік тасымалдауды дамытуға бірыңғай бастау мүмкіндігін белгілеумен қатар, көлік қызметтерінің теңдік және паритетті қызметтер көрсетуіне бағытталған.

Автомобиль көлігінде – 2025 жылдан бастап автомобильмен тасымалдау қызметтерін ырықтандыру, интеллектуалды көлік жүйелерін енгізу, көлік әлеуетін тиімді пайдалану және автомобильмен тасымалдау сапасын арттыру.

Әуе көлігінде – әділ және әділетті бәсекелестікті қамтамасыз ету, авиациялық қауіпсіздікті және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әуе хабарламаларды кеңейту.

Су көлігінде – кадрларды дайындау бағдарламасын сәйкестендіру, ішкі су жолымен кемелердің өту тәртібін жетілдіру, мүше-мемлекеттердің порттарында (үшінші мемлекеттерден кіру/шығу) тасымалдауды ұйымдастыру процедураларын жеңілдету.

Теміржол көлігінде – қағазсыз технологияларды енгізу және пойыздар қозғалысын ұйымдастыруды жетілдіру, икемді тариф саясатын жүргізу, шапшаң және өте шапшаң жолаушылар қатынасын дамыту мен құру бойынша келісілген мәселелерді қабылдау мен әзірлеу.

Сондай-ақ, көлік саласында ұзақ және қысқа мерзімді ұлттық стратегияларды дамытуды іске асыру мен әзірлеу кезінде Үйлестірілген (келісілген) көлік саясаты есепке алынатын болады және мүше-мемлекеттер 2025 жылға дейін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде тасымалдауды іске асыруда қолданыстағы шектеулерді алып тастау шараларын қабылдайды.

Аталмыш Еуразиялық экономикалық одақ мүше-мемлекеттеріне тығыз интеграциялау формасы, бизнеске және жалпы нарықтағы көлік құралдарына тең қолжетімді мүмкіндік беретін болады.