Қазақстан мен Литваның авиациялық билік орындары тікелей әуе байланысын ашуға дайындалуда

Қазақстан мен Литваның авиациялық билік орындары тікелей әуе байланысын ашуға дайындалуда

Кеше Нұр-Сұлтанда Литваның азаматтық авиация басшылығы мен ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің консультациялық кездесуі өтіп,  Нұр-Сұлтан – Вильнюс және Алматы – Вильнюс тұрақты әуе бағыттарын ашу, оған Венгрияның "Wizz Air" әуе компаниясын оператор етіп тағайындау мәселесі қаралды. Рейстерді 2022 жылдың 1 тоқсанында ашу жоспарланып отыр.

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева және Литваның Көлік және коммуникация министрлігі Жол және авиациялық көлік саясаты тобының жетекшісі Владислав Кондратович әуе тасымалдары саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылап, тұрақты рейстерді ашу ниеті көрсетілген хаттамамен алмасты.

Бұл мәселе бойынша түпкілікті шешім екі елдің коронавирустық инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиялары ұшуға рұқсат бергеннен кейін қабылданады.