Калининградпен әуе қатынасы ашылады

Калининградпен әуе қатынасы ашылады

ҚР аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Нұр-Сұлтан – Калининград және Алматы – Калининград бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 1 рейстен ашуға рұқсат берді.

Boeing-737 әуе кемесімен тұрақты рейстерді 2021 жылғы 4 қарашадан бастап Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы жүзеге асырмақ. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан – Калининград бағытында сенбі күндері, Алматы – Калининград бағытында бейсенбі күндері ұшады.

Рейстер әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес санитарлық – эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып орындалады.

Анықтама:
Ресейдің "Северный ветер" әуе компаниясы 2008 жылы құрылған. Ұшақтар паркі Boeing-737, Boeing-777, Airbus A330 және Airbus A321 үлгісіндегі 33 әуе кемесінен тұрады. Негізгі әуежайы – Шереметьево. Ұшу географиясы - 200-ден астам бағыт, әлемнің 20 еліндегі 95 қаладан ұшады. "Северный ветер" әуе компаниясы жолаушылар айналымы бойынша Ресейдің ТОП-7 әуе компаниясының қатарында.