ҚР ИДМ БАСШЫСЫ АРАБ ЕЛДЕРІ ЕЛШІЛЕРІМЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

ҚР ИДМ БАСШЫСЫ АРАБ ЕЛДЕРІ ЕЛШІЛЕРІМЕН ИНВЕСТИЦИЯ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТАЛҚЫЛАДЫ

2017 жылдың 12 сәуірі күні ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Араб елдерінің Қазақстан Республикасындағы Елшілерімен кездесті. Кездесуге Ливан, Оман, Сауд Арабиясы Корольдігі, Кувейт, Катар, Ливия, Марокко, Иордания елшілері және БАӘ, Ирак, Палестина Елшіліктерінің дипломаттары қатысты.        

Кездесу аясында араб елдері тарапынан инвестиция саласы бойынша ынтымақтастық перспективалары көтерілді. Оның ішінде ҚР заңнамасымен қабылданған инвестицияны қорғау және ынталандыру туралы Келісімге қол қоюды жүзеге асыру, бірлескен инвестициялық жобалар, шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары бар.

Араб тарапы инвесторлар үшін жасалған салықтық және инвестициялық жеңілдіктерге қызығушылық танытып отыр.

Қазіргі уақытта Катар мемлекетімен инвестицияны қорғау туралы Келісім бар. Сондай-ақ, осындай құжаттарға БАӘ, Сауд Арабиясы Корольдігі, Ливан және Оманмен қол қою мәселесі қарастырылуда.

Сонымен қатар, министрлік инвестицияны қажет ететін жобалардың тізімін жолдайтын болады.