
Салалалық министрліктердің, ЭЫДҰ Болат комитетінің, «Сауда саясатын дамыту орталығының», «Қазақстан индустрияны дамыту институтының», салалық ассоциациялар мен сала кәсіпорындарының жұмыс кездесуі елдің қара металлургия бойынша қолданыстағы және болашақтағы мемлекеттік саясатының Қазақстан Республикасының 2016 жылы ЭЫДҰ Болат комитетіне мүше болу үшін берген өтініміне сәйкес ЭЫДҰ стандарттарына сәйкестендіруге арналады.
Дөңгелек үстел AstanaMining&Metallurgy – 2017 Конгресінің пікірталас бағдарламасы аясында өткізіледі. АММ пікірталас бағдарламасы жылда саланың жедел мәселелері бойынша кәсіби ұсыныстар жасау қажеттілігін ескере отырып дайындалады. Бірақ, Дүниежүзілік Тау-кен Конгресінің нғегізін қалаушы ретінде Конгресс 2017 көп жылдық бағдарламалар бойынша белгілік қорытынды талқылауға бастама жасайды. Ол ЭЫДҰ Болат комитетінде, Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексі жобасының тұжырымдамалық мәселелерін де, өндірісті басқарудың операциялық жүйелерін енгізу жағдайындағы тау-кен өндіру кәсіпорындарындағы өнеркәсіп қауіпсіздігін де, деректердің үлкен массивтеріне терең талдау да және кәсіпорындарға аддитивті технологиялар енгізу мен осы технологиялардың инженер-техникалық мамандарын дайындауда мүшелікте.
Сондай-ақ, пікірталас бағдарламасы аясында мамандандырылған «Австралия ТМК күндері Қазақстанда» атты дөңгелек үстел өткізіледі. Оған Ресейдегі, Қазақстан мен ТМД Австралия елшісі Петер Теш мырза, Еуропа, Қазақстан мен Ресейдегі Автсралияның бас сауда өкілі Ричард Лэзер, Инвестициялар және даму министрлігінің өкілдері, австралиялық және қазақстандық ТМК компаниялары мен Жаңа Оңтүстік Уэльс Университеті Тау-кен ісі факультетінің делегациясы қатысады.
Барлық тау-кен ісі саласында Австралия табысының дәлелі, екі елдің экономикалық ынтымақтастығы мемлекеттік реттеу деңгейінде тәжірибе алмасумен толықты. ҚР Жер қойнауын пайдалану туралы жаңа кодексін әзірлеу барысында австралиялық заңнама моделі негізгі үлгі ретінде қабылданды. Алдымызда болатын мамыр айындағы кездесудің мақсаты – қатты табиғи қазбаларды өндіру бойынша геологиялық барлау саласында қазақстандық-австралиялық ынтымақтастықты әрі қарай дамыту.
VIII-ші Халықаралық тау-кен металлургия Конгресі мен «Astana Mining & Metallurgy» – АММ-2017 Көрмесінің бағдарламалық пікірталастары, меморандумдары мен келісімдері халықаралық салалық байланыстарды дамыту тұрғысынан жаңалық әкелетін және Астананы Дүниежүзілік Тау-кен Конгресін қабылдауға дайындайтын шара болмақ.