Түркістан қаласынан субсидияланатын рейстер туралы

Түркістан қаласынан субсидияланатын рейстер туралы

Қазақстан Республикасында ішкі туризмді дамыту, сондай-ақ ұшу географиясын кеңейту және Түркістан қаласы әуежайының көліктік қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал, Қостанай, Қарағанды, Көкшетау, Петропавл, Павлодар, Семей, Талдықорған қалалары бағыттарына субсидияланатын авиамаршруттарға конкурс өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша тұрақты рейстерді "SCAT" және "Qazaq Air" авиакомпаниялары "CRJ2", "B-737", "Q400" әуе кемелерімен орындайтын болады.

Алғашқы рейстердің басталуы 2021 жылдың 15 шілдесіне жоспарланған. Аталған бағыттар бойынша билеттердің құны 16-дан 25 мың теңгеге дейін болады.