ҚР ИИДМ басшысы Әзербайжанның көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рашад Набиевпен телефон арқылы сөйлесті

ҚР ИИДМ басшысы Әзербайжанның көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рашад Набиевпен телефон арқылы сөйлесті

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен Әзербайжанның көлік, байланыс және жоғары технологиялар министрі Рашад Набиев телефон арқылы сөйлесті. Министрліктер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін талқылады.

Телефонмен сөйлесу барысында Транскаспий халықаралық көлік бағдарын одан әрі дамыту мәселесі қозғалды. Бүгінгі күні ТХКБ аясында Ақтау, Құрық және Баку (Алят) порттары арасында контейнер ағынының өсуі артқаны атап өтілді.

Сондай-ақ, тараптар автомобиль жолдары мәселелерін және эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндігін талқылады.