NQZ: жаңа код бойынша ұшу жылы

NQZ: жаңа код бойынша ұшу жылы

Бір жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық әуежайы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы - NQZ жаңа кодын алды.  Осы датаның құрметіне «Авиаторлар аллеясының» ашылуы өтті.

Жаңа атаумен жүргізілген жұмыс қорытындысына сәйкес, авиация ардагерлері, авиакомпаниялардың өкілдері, кеден және шекара қызметкерлері «Авиаторлар аллеясына» көшет отырғызуға қатысты.  Бұл шара жыл сайынғы дәстүрге айналады деп жоспарлануда.

Өткен жыл әуежай үшін күрделі болды.  COVID-19 пандемиясының салдары мен короновирус кезіндегі халықаралық жолаушылар ағынының апатты төмендеуі әсерінен - жүк және транзиттік рейстерге бағдарлау жүзеге асырылды, қысқартуларға жол берілмеді және барлық өндірістік персонал сақталды. Сонымен қатар, жолаушылар мен персоналдарды короновирустық инфекциясынан сақтау үшін - карантин шараларын күшейтіп, көптеген жұмыстар жасалды.  Карантин кезінде әуежай шет елдерден қайырымдылық көмек алуға арналған жүк орталығы болды.

Сондай-ақ, осы уақыт аралығында Елорданың айлағын 2035 жылға дейін дамытудың жаңа стратегиясы жасалды.  Құжатқа сәйкес мультимодальды жүк тасымалы, электронды коммерция қызметтер орталығы мен еркін сауда аймағын құру жоспарланған.  Жолаушылар ағыны мен рейстердің артуы, маршруттық желінің кеңеюі және транзиттік трафиктің дамуы күтілуде.  Оқу орталығын дамытуға, білікті авиация кадрларын даярлауға, сондай-ақ авиакомпаниялар мен жолаушыларға қызмет көрсету деңгейін арттыруға көп көңіл бөлінеді.

Әуежай Еуропалық Одақ аумағына ауа жүктерін тасымалдауды ұйымдастырудың алғышарттары болып табылатын Европалық Одақтың РА-3 (Regulated Agents Third country) сертификатын алды.

Соңғы жылы әуежай 1500-ден астам транзиттік және жүк рейстеріне қызмет көрсетті, авиациялық жанар-жағармай құю көлемі айына 20 мың тоннаға дейін өсті.