Халықаралық әуе рейстерін ұлғайту туралы

Халықаралық әуе рейстерін ұлғайту туралы

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін келесі бағыттар бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді:

1. Черногория:

- 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы – Подгорица – Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан – Подгорица – Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.

2. БАӘ:

- 2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматы – Дубаи – Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан - Дубаи - Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.

3. Қырғызстан:

- 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы – Тамшы – Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

4. Өзбекстан:

– 2021 жылғы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы - Самарқанд - Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау – Франкфурт – Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау - Амстердам - Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.