Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және халықаралық стандарттар

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және халықаралық стандарттар

100% акциясы мемлекет меншігіндегі "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ өз қызметін 2019 жылы бастады. Негізгі функциясы - ұшу қауіпсіздігі мен авиациялық қауіпсіздік саласындағы техникалық бақылау мен қадағалау.

Бұл модель Британияның мемлекеттік UKCAA корпорациясының моделіне ұқсас.

Әкімшілік халықаралық аэронавигациялық алымдар есебінен қаржыландырылады. Бұл да шетелдік тәжірибеде қолданылады.

Мұндай тәсіл ТМД елдері арасында алғаш рет Қазақстанда енгізілді.

Басқарудың тиісті моделі Еуропалық азаматтық авиация агенттігінің (EASA) барлық елдерінде таралған. Бірқатар дамыған елдерде (Сингапур, БАӘ, Франция және т.б.) қолданылады және Халықаралық азаматтық авиация ұйымы мойындайды.

Жаңа тәсіл ҚР заңнамасына қайшы келмейді. Азаматтық авиация саласындағы билікті жүзеге асыратын мемлекеттік функциялар Азаматтық авиация комитетінде қалады.

Жаңа жүйені енгізу барысында реттеуші мен мемлекеттік саясатқа жауапты орган функцияларын бөлу бойынша әлемдік тәжірибе ескерілді. Мұндай модель озық халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді.

Айталық, АҚШ-та көлік саясатын көлік басқармасы (көлік бөлімі) жүргізеді, ал Федералды азаматтық авиация басқармасы (FAA) бақылау және қадағалау функцияларын атқарады. Францияда саясатқа Көлік, теңіз және балық шаруашылығы министрлігі жауапты, ал бақылау-қадағалау қызметін Азаматтық авиацияның бас дирекциясы (DGCA) жүргізеді. Осындай модель Сингапур, БАӘ, Австралия, Жаңа Зеландия, Чехия және басқа елдерде қолданылады.