Comlux KZ әуе компаниясы IS-BAO Stage I сертификатын алды

Comlux KZ әуе компаниясы IS-BAO Stage I сертификатын алды

Қазақстандық бизнес авиация операторы Comlux KZ Халықаралық іскерлік авиация кеңесінің (IBAC) аудитінен сәтті өтті және 2021 жылдың сәуір айының басында IS-BAO stage I сертификатын алды. Орталық Азиядағы IS-BAO Stage I сертификатын алған алғашқы әуе компания.

«When you are going “UP” – Safety first» Ұшу қауіпсіздігі - бұл біздің қызметіміздің басты басымдығы. Бүгін біз белсенді дамып жатырмыз. Бізде "EASA P-145" сертификатының арқасында Еуроодақта тіркелген ұшақтарға техникалық қызмет көрсету құқығы бар. Біз әуе кемелерінің жаңа түрлерін пайдалануға қабылдаймыз. Ағымдағы жылы өндіруші зауыттан 2 ұшақ жеткізілді.

IS-BAO стандарты - бұл біздің жолаушылар үшін қауіпсіздік стандарттарына сәйкестікті растау ғана емес, сонымен қатар саланың жалпы даму деңгейі. Біз алдымызға SMS-ті жетілдірудің барлық кезеңдерінен өтуді мақсат етіп қойдық, соның ішінде stage 3. Бірінші қадам жасалды" - дейді «Comlux KZ» бас директоры Денис Иванов.

АНЫҚТАМА:

IS-BAO стандарты (International Standard for Business Aircraft Operations) – ИКАО стандарттарына негізделген іскерлік әуе кемелерін пайдаланудың ерікті халықаралық стандарты. Оны енгізудің мақсаты – әуе компанияның кәсібилік деңгейін және жұмыс қауіпсіздігін арттыру.

I Stage – бұл инфрақұрылымның құрылғанын, құжатталғанын, ресурстармен қамтамасыз етілгенін және енгізіліп жатқанын растайтын ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін (SMS) енгізудің бірінші кезеңі.