Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасындағы әуе рейстерін қайта бастау туралы ақпарат

Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасындағы әуе рейстерін қайта бастау туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 10 наурыздағы шешіміне сәйкес әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Шымкент – Ыстамбұл – Шымкент бағытында халықаралық тұрақты рейсті қайта бастауға рұқсат етілді.

2021 жылғы 5 сәуірден бастап "SCAT" әуе компаниясы Шымкент және Ыстамбұл қалалары арасында аптасына 2 рейспен ұшуды бастайды.

Рейстер Б737 әуе кемесімен аптаның дүйсенбі және сәрсенбі күндері орындалады.

Рейстер санитарлық - эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланатын кестеге сәйкес орындалады.