«Qazaq Air» АҚ жоспарлы тексеру қорытындысы шығарылды

«Qazaq Air» АҚ жоспарлы тексеру қорытындысы шығарылды

Қазақстанның авиациялық әкімшілігі «Qazaq Air» АҚ қызметінде ұшу қауіпсіздігі және авиациялық қауіпсіздік талаптарының сақталуын жоспарлы тексеруді аяқтады.

Тексерумен ұшуды пайдалануды ұйымдастыру, ұшуға жарамдылық, мұздануға қарсы өңдеу рәсімдері, ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесінің стандарттарына авиациялық қауіпсіздік нормаларын сақтау сәйкестігі мәселелері, сондай-ақ ұшақ салонында қызмет көрсету, лицензиялар, сертификаттар беру және медициналық бөлім мәселелері қамтылды.

Инспекция ААК жүргізген алдын ала тексерудің жалғасы болып табылады және ИКАО аудитіне дайындық шеңберінде бүкіл авиация саласының стандарттарын арттыруға бағытталған.

«Qazaq Air» АҚ қызметін жоспарлы тексеру нәтижесінде 13 бұзушылық анықталды.

Qazaq Air 10 күн ішінде авиациялық әкімшілікке алдағы 3 айда барлық бұзушылықтарды жою бойынша түзету іс-қимылдарының жоспарын ұсынуы тиіс.

Атап айтқанда, ұшу қауіпсіздігі жағдайын жақсарту үшін техникалық жағдайды қадағалау функцияларын Аруба авиациялық билігінің юрисдикциясынан Қазақстанның Авиациялық әкімшілігіне берсін.

Егер бұзушылықтар көрсетілген мерзімде жойылмаса, ұшуға жарамдылық сертификаттары кері қайтарып алынуы мүмкін немесе мәжбүрлеу шаралары қабылданатын болады.

«Жалпы алғанда, біз Qazaq Air Қазақстанда жұмыс істейтін басқа авиакомпаниялармен қатар ұшу қауіпсіздігі көрсеткіштерін арттыруды жалғастырып жатқанын көруге қуаныштымыз», - деп атап өтті Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс.

Анықтама үшін:

2020 жылы Қазақстанның авиациялық әкімшілігі 458 инспекциялық тексеру жүргізді, 5000-нан астам бұзушылық анықталды. Бұл бұзушылықтардың көпшілігі ауыр емес, бірақ екінші және үшінші деңгейдегі қорғаныс шаралары болып табылады және оларды түзету авиациялық қауіпсіздік үшін де маңызды. Қауіпсіздіктің маңызды мәселелерінің салдары олар шешілгенге дейін пайдалануды тоқтата тұруға әкеледі.

2020 жылы ұшу қауіпсіздігіне әсер ететін өрескел бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаулықты орындамағаны үшін немесе лицензияланған авиакомпаниялардың өтініші бойынша алты оператордың қызметі тоқтатылды: Jet Airlines, Jenis Air, Azee Air, Phoenix, Qazaq Helicopters, MS AIR KZ. Екі оператордың: Beck Air, Sigma Airlines авиакомпанияларының сертификаттары жойылды.

Қазақстанның авиация әкімшілігінде 89 инспектор жұмыс істейді.