Qazaq Air әуекомпаниясының ұшақтарымен авиациялық оқиғалар туралы ақпарат

Qazaq Air әуекомпаниясының ұшақтарымен авиациялық оқиғалар туралы ақпарат

12 ақпанда Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 23.20-да Qazaq Air әуекомпаниясының Нұр-Сұлтан-Шымкент бағытындағы QAZ427 рейс ұшағымен авиациялық оқиға болды. Алдыңғы шасси тысының жарылуына байланысты әуе кемесінің ұшуы үзілді, жүгіріс 700 метрді құрады. Әуе кемесі тұраққа тіркеп сүйретілді.

13 ақпанда сағат 08.12-де Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы QAZ353 тұрақты рейсін орындаған Qazaq Air әуекомпаниясының басқа әуе кемесінің қонуынан кейін шассидің оң тіреуінің екі пневматикасының бұзылуы анықталды. Ұшақтағы барлық жолаушылар эвакуацияланды, зардап шеккендер жоқ.

Аталған авиациялық оқиғалар бойынша ҚР ИИДМ Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру басқармасы тарапынан тексерулер жүргізілетін болады.