«Nur Otan» партиясының Төрағасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловты қабылдады

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы:  Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын уақытылы жүзеге асыру қажеттігін айтты. Әңгіме барысында министрліктің экономиканы әрі қарай әртараптандырудағы маңызды рөлі атап өтілді.

Сондай-ақ Қазақстанның Тұңғыш Президентіне 2020 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп, көлік және құрылыс салаларындағы негізгі даму көрсеткіштері туралы баяндалды.

– Өңдеу өнеркәсібінің бірқатар секторында өсім бар. Атап айтқанда қара металлургия 4,1 пайызға, түсті металлургия 2,8 пайызға, машина жасау 16,3 пайызға, жеңіл өнеркәсіп 15 пайызға, фармацевтика өнеркәсібі 47 пайызға және дайын металл бұйымдарын өндіру 19,7 пайызға артқан. Статистикалық деректерге сәйкес, құрылыс саласында нақты көлем индексі 111,2 пайызды құрады. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 16 өңірде оң қарқын байқалуда, –  деді Б.Атамқұлов.

Дереккөз: elbasy.kz