Министр мемлекеттік наградаларды тапсырды

Министр мемлекеттік наградаларды тапсырды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов еліміздің басты мерекесі - Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шарада министрліктің және ведомстволық бағынышты ұйымдардың қызметкерлеріне ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен берілген мемлекеттік наградаларды тапсырды.

Экономикада, әлеуметтік салада, ғылымда, мәдениет және мемлекеттік қызметтегі еңбектегі жетістіктері үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен:

«Эйр Астана» АҚ «Embraer» ұшағының командирі Вячеслав Аушев;

«№ 405 авиажөндеу зауыт» АҚ директоры Константин Ушаков;

ҚР ИИДМ Стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры Айгуль Кенжебаева;

ҚР ИИДМ Құжаттамалық қамтамасыз ету департаментінің директоры Елена Маличева;

ҚР ИИДМ Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің кадр және әкімшілік бөлімінің басшысы Жәмила Бекешева;

ҚР ИИДМ қаржы департаменті индустриялық даму және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы бюджеттік жоспарлау басқармасының бас сарапшысы Гүлнар Бермұхамбетова;

ҚР ИИДМ ішкі аудит департаменті мемлекеттік аудит және тәуекелдерді талдау басқармасының бас сарапшысы Мағрифа Қайырбекова марапатталды.
Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы:

ҚР ИИДМ Заң департаменті директорының орынбасары Дәулет Сұлтановқа;

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібі басқармасының басшысы Әлия Бұхабаеваға;

ҚР ИИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Қара металлургия және көмір өнеркәсібі басқармасының басшысы Жанат Игисиновке;

ҚР ИИДМ Активтерді басқару департаментінің бас сарапшысы Мурат Мурзахметовке табыс етілді.

Бейбіт Атамқұлов марапатталғандарды жоғары мемлекеттік наградалармен шын жүректен құттықтап, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс тіледі.