Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ ішкі рейстерде жолаушыларды телескоптық трап арқылы отырғызу-түсіру қызметіне белгіленген шекті бағаны көтеру мәселесі бойынша өтінішін қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін хабарлайды.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 18 қыркүйекте сағат 15-00-да, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 791 769 16 15, кіру коды: 12345).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; + 7 771 388 63 11.