Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету қызметі бойынша бағаның көтерілетіні туралы хабарламаларын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар ZOOM арқылы онлайн режимінде:
«Әлия Молдағұлова халықаралық әуежайы» АҚ хабарламасы бойынша 2026 жылғы 13 шілдеде сағат 15-00-де, (конференция идентификаторы: 873 3092 1580, кіру коды: 801 172);
«Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы» АҚ хабарламасы бойынша 2026 жылғы 17 шілдеде сағат 15-00-де, (конференция идентификаторы: 873 3406 9556, кіру коды: 044 450) өткізіледі
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18