Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ-ның алдағы уақытта ішкі рейстерде әуе кемелерін авиациялық жанар-жағармай материалдарымен қамтамасыз ету және жүктерді өңдеу қызметтері бойынша бағалардың көтерілетіні туралы хабарламасын қарау кезінде жария тыңдаулар өткізілетіндігін мәлімдейді.

Жария тыңдаулар 2026 жылғы 6 сәуірде сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 791 769 1615, кіру коды: 12345).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 80 20.