«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Орал халықаралық әуежайы» ЖШС Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету және авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметтерге 2026-2030 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаларды бекітуге арналған өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 18 наурызда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 976 4374 1247, кіру коды: 640235).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; +7 775 348 65 91.