«Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-тың Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметіне 2026-2030 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдау өткізіледі

«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) алдағы уақытта «Семей халықаралық әуежайы» ЖШС-тың Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда және халықаралық бағыттар бойынша техникалық қонуларды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшуларды жүзеге асыратын авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметіне 2026-2030 жылдарға тарифтерді және тарифтік сметаны бекіту туралы өтінімді қарау барысында жария тыңдаудың өткізілетіндігін мәлімдейді.

 Жария тыңдау 2026 жылғы 24 ақпанда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 944 5361 1503, кіру коды: 163483).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-18; +7 701 767 50 56.