Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Қостанай» халықаралық әуежайы» АҚ-ның Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімін қарау барысында жария тыңдаулардың өткізілетіндігін мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2026 жылғы 16 қаңтарда сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы: 847 827 4434, кіру коды: 12345).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-16; +7 701 886 80 20.