ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, сондай-ақ құрылымдық және аумақтық бөлімшелері жыл басынан бері 30 қыркүйекке дейін 165 897 қызмет көрсетті.
Жалпы Министрлік құзыретіне өнерәсіптік қауіпсіздік, жер қойнауын пайдалану, азаматтық авиация, көлік, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және қорғаныс өнеркәсібі кешенін дамыту саласында 113 мемлекеттік қызмет кіреді.
Сол 113 мемлекеттік қызметтің 102-сі (90%) "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы көрсетіледі. Қалған 11 мемлекеттік қызметті Министрлік дәстүрлі тәсілмен (қағаз түрінде) көрсетеді. Олардың 8-ін автоматтандыру және 2-ін Мемлекеттік қызметтер тізілімінен алып тастау жоспарланған.
Жыл басынан бергі кезеңде 10 мемлекеттік қызметті көрсету барысында мерзімі бұзылып, қызмет көрсету сапасына қатысты 2 шағым түсті. Бұл жағдайлар бойынша түрлі комитеттердің қызметкерлеріне әкімшілік және тәртіптік жаза қолданылды.
Министрлік құзыретіне кіретін барлық мемлекеттік қызметтер бойныша халыққа консультациялық қолдау көрсететін бірыңғай Call - орталық (1414) жұмыс жасайтыны еске сала кетеміз.