Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер мәселелері бойынша дәріс өткізілді.

Спикер ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Жазира Жақсылыққызы Жылқышиева сөз сөйледі. Дәріске Әдеп жөніндегі уәкілдер, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен комитеттерінің басшылары, сондай-ақ бейнеконференция форматында-Индустриялық даму комитетінің аумақтық Департаменттерінің және көлік комитетінің көліктік бақылау инспекцияларының басшылары қатысты.

Спикер мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қажеттілігі, атап айтқанда нормативтік құқықтық актілерге талдау жүргізу және нормативтік құқықтық актілерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу, қоғамдық бақылауды күшейту және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін басшылардың жауапкершілігін атап өтті.

Сондай-ақ, қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік қарастырылған мемлекеттік қызметшілерге сыйлықтар беруге және алуға тыйым салынғаны туралы айтылды. Парақорлықты арандатқаны үшін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Министрлікте сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде жүргізіледі.