«Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, әуе кемесінің ұшуы мен қонуын қамтамасыз ету бойынша реттеліп көрсетілетін қызметіне тарифті, тарифтік сметаны және инвестициялық бағдарламаны бекітуге арналған өтінімдерін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді.
Жария тыңдаулар 2025 жылдың 28 қыркүйекте сағат 11-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (конференция идентификаторы:
978 2091 8593, кіру коды: 147866).
Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.
Байланыс телефондар: +7 7172 57-23-19; +7 775 348 65 91.»