Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне жасаған сапары аясында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек пен БАӘ мемлекеттік қаржы министрі Обейд бен Хумейд аль-Тайер екі ел арасында инвестицияларды қолдау және өзара қорғау туралы келісімге қол қойды.
Бұл тарихи маңызды оқиға бірлескен ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін сенімді негіз құрауға мүмкіндік береді.
Жеке келесім аясында әр инвестициялық жоба үшін экспроприация мен национализациялаудан қосымша кепілдік беру туралы теңдесі жоқ нормалардан тұрады.
Келісімді іске асыру үшін бірлесіп Borealis (Mubadala Investment Company) әмірлік компаниясында полиэтилен өндіретін ірі мұнай-химия кешенін (Атырау облысында) салатын жоба дайындалып жатыр.
Бұл келісімді іске асыру қазақстандық және әмірлік инвесторларына ұзақ мерзімді тұрақтылық пен құқықтық ортаның ашықтығын құрайды және екі ел арасында инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастықты белсендіруге көмектесетін болады.
Анықтама:
- Бүгінгі таңда Қазақстан 46 екіжақты және 1 көпжақты (Еуразэқ) инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үкіметаралық келісімдеріне қол қойылды. Сонымен қатар, донор елдер: Нидерланды, АҚШ, Швейцария, Қытай, Ресей, Франция.
Фото ашық ақпарат көзінен
Бұл туралы индустрияландыру мемлекеттік бағдарламасының іске асырылу барысы мәселелелеріне қатысты Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
«Бағдарламаның табысты іске асырылуы өңдеу өнеркәсібінің 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 5,7%-ға өсуіне ықпал етті. Өсім негізінен металлургия (+13%), тамақ өнеркәсібі (+8,5%), мұнай өңдеу (+5,1%), химия өнеркәсібі (+4,7%) және фармацевтика (+47,2%) салаларындағы өндірістің артуы есебінен қамтамасыз етілді»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Министрдің айтуынша, Өңдеу өнеркәсібінің экспорты 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылдың қорытындысы бойынша 10,5%-ға өсіп, 15,5 млрд. АҚШ. долларын құрады. 2017 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша еңбек өнімділігі (2015 жылдың тиісті кезеңіне)1,9%-ға өсті және 22,3 мың АҚШ долл./адамды құрады.
2017 жылы өңдеу өнеркәсібіндегі инвестициялар көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 8,8%-ға өсіп, 981,6 млрд. теңгені құрады.
3 жылда (2015-2017жж.) Индустрияландыру картасы аясында 3 трлн. теңге қаржыға 378 жоба іске қосылып,30 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды.
«Жалпы, 2017 жылы 1,5 трлн. теңге қаржыға 120 жоба іске қосылып, 10 мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Сондай-ақ биыл құны 51,5 млрд. теңге болатын«Проммашкомплект» ЖШС (Павлодар облысы)теміржол доңғалақтары өндірісінің кешені жәнеқұны27,7 млрд.теңге болатын үлкен диаметрлі болат құбыр өндіретін«Эйжа Стил Корпорейшн» ЖШС (Алматы қ.) зауытысияқты индустриялық жобалар іске қосылады»,-деді министр.
2018 жылдың соңына дейін 1 трлн.теңгеқаржыға150 жаңа жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Ондашамамен 15 мың тұрақты жұмыс орны ашылады.
Фото мұрағаттан алынды
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қала құрылысы кадастры құрылыс саласын цифрландырудың маңызды элементі ретінде қалыптасуда. Бұл туралы аталмыш сала бойынша Үкімет отырысында баяндама жасаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, қала құрылысы кадастры жер бетінде және жер астында орналасқан барлық жылжымайтын мүлік пен инфрақұрылым нысандары туралы мәліметтердің бірыңғай жүйесі. Қала құрылысы кадастры сәулет-құрылыс жұмыстарының ашықтығын, халық пен бизнес үшін қажетті инфрақұрылымның болуын, инженерлік коммуникацияға қосылу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
«Облыс орталықтарын қоспағанда елді мекендердің қала құрылысы кадастры іс жүзінде құрылмаған. Әкімдіктер ұсынған мәліметтер бойынша қала құрылысы кадастрының деректерін цифрландыру деңгейі бүкіл ел бойынша орташа есеппен 20%-ды ғана құрайды. Барлық елді мекендердің инженерлік желілері мен коммуникациялары Қызылорда облысында (100%), Астана (100%) және Алматы (80%, таулы жерді қоспағанда) қалаларында цифрландырылды»,-деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.
Қала құрылысы кадастры барлық инженерлік желілерге қосылудың мүмкіндігі туралы ақпарат береді. Сондай-ақ жылжымайтын мүліктің «көлеңкелі» объектілері анықталады.
Қала құрылысы кадастры басқарушылық шешімдерді қабылдаудың ашқытығын қамтамасыз етуге, бизнес процестерін автоматтандыруға, жобалау мен құрылысқа рұқсат беру құжаттарын алу шарттарын жақсартуға мүмкіндік береді.
«Халық пен бизнес қажетті инфрақұрылым туралы, желілер мен коммуникацияларға қосылудың мүмкіндігі жөнінде толық ақпарат алады. Кері қайтатын құжаттардың саны азаяды. Қала құрылысы кадастры бос учаскелер туралы, олардың инфрақұрылымдық жағдайы жөнінде, қала құрылысы регламенттері мен басқа да қажетті ақпараттар бере алатын мемлекеттік органдарға, бизнсе пен халыққа керек аса маңызды құрал», - деді министр.
Фото ашық ақпарат көзінен
2017 жылғы 28-29 қыркүйегінде болған Қазақстанның болат саласындағы саясатына алдын ала шолу таныстырылымының нәтижесі бойынша Болат комитетінің Хатшылығы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі - ЭЫДҰ) Кеңесіне Қазақстанды қауымдастырылған мүше ретінде шақыруға ұсыну шешімін қабылдады. ЭЫДҰ Кеңесінің өтінімді мақұлдағаны туралы бүгін белгілі болды.
Қазақстанның ЭЫДҰ Болат комитетінде «Қауымдастырылған мүше» мәртебесін алу Ынтымақтастық бойынша елдік бағдарлама жобасын іске асыру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен ЭЫДҰ арасындағы өзара түсіністік туралы Меморандумға сәйкес жоспарланған болатын.
Қазақстан тарапы Болат комитетіне кіру үшін 5 жылдан астам уақыт үлкен жұмыстар атқарды. Бұл бағытта жұмысты Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Тау-кен металлургия өнеркәсібі басқармасы, сондай-ақ «Қазақстандық индустрияны дамыту институты» АҚ атқарды. Елдегі болат саласы бойынша талдау жұмыстары, саладағы орта және ұзақ мерзімді мақсаттар туралы, сондай-ақ толтырылған сауалнама мен сұранымдар жолданды.
ЭЫДҰ Болат комитетінде Қазақстанның қатысу мәртебесін жоғарлату - болып жатқан оқиғалардың жағдайын білуге, оның өрістеуін байқауға және нарықтың өзгерулеріне уақытылы әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл әлемдегі қара металлургияның дамуына қатысты түрлі мәселелерді басқа болат өнімінің ірі өндіруші елдерімен тең құқықта шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, ЭЫДҰ-ның аса ірі зерттеулер мен аналитикалық материалдарына араласа алады.
ЭЫДҰ 1961 жылы құрылған, оған 35 ел кіреді. Оның ішінде Германия, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Жапония және Австралия бар. ЭЫДҰ мүше-мемлекеттерінің үлесіне әлемдік болат өндірісінің 45% және әлемдік болат экспортының 75%-дан келеді.

Қазақстан 2018 жылдың 19-22 маусымында Астана қаласында өтетін 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресіне (ДТК) белсенді түрде дайындалуда. Бұл қатты пайдалы қазбалар кен орындарын игеру, ғылым және техника, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыс істейтін әлемнің 50 елінің іскерлік орта кәсіпқойлары мен ғалымдарын біріктіруге бағытталған ең ауқымды және маңызды салалық іс-шаралардың бірі.
2018 жылы Конгресс: «Инновациялық басымдық - әлемдік тау-кен өнеркәсібінің өсу жолында жасалған қадам» ұранымен өтеді және геологиялық барлау, өндіру және байыту, тәуекелдерді бағалау, саланы цифрландыру, жаңа технологияларды енгізу, халықаралық қаржыландыруды тарту және т.б. мәселелерді қамтиды.
Қазірдің өзінде құрамында Австралия, Австрия, Канада, Польша, Норвегия және Франциядан делегациялар, әлемнің ғылыми және іскер қоғамдастықтарының жетекші сарапшылары, инвесторлар мен қаржы институттары, сондай-ақ Үкімет басшылары бар 46 ел, 56 профильдік қауымдастық, 41 университет қатысатындарын растады.
Алайда, осы конгресті өткізу жалпы еліміз үшін қандай маңызы бар, қандай мәселелерді шешуге көмектеседі, Қазақстан қандай мақсаттарға қол жеткізеді және Астанада өтетін ДТК 2018-ден не күтуге болады?
Осы және басқа сұрақтарға Конгрестің операторы - түрлі салалық көрмелер мен конференцияларды ұйымдастыру мен өткізуде 25 жылдық тәжірибесі бар Iteca қазақстандық көрме компаниясы жауап берді.
Барлығы неден басталды?
2016 жылы қазан айында Рио-де-Жанейро қаласында (Бразилия) өткен 24-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресі кезінде Қазақстан Астанада 25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу эстафетасын қабылдады.
Әлбетте, мұндай ауқымды және елеулі оқиғаны өткізу бірінші кезекте еліміздің тау-кен саласының инвестициялық әлеуетін ашуға, әлемдік компаниялар мен юниор компанияларды тартуға бағытталған. Әсіресе, Астананың АММ мамандандырылған тау-кен металлургиялық конгресінен бастап EXPO 2017 дүниежүзілік көрмесіне дейін осындай шараларды өткізуде мол тәжірибесі бар.
2018 жылғы Конгресті Астана қаласында өткізу мүмкіндігі 2013 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресі өткен Монреалда көтерілгенін, ондағы талқылаудың бір мәселесі Қазақстан Республикасының 2018 жылғы Дүниежүзілік тау-кен конгресін Астана қаласында өткізу жөніндегі өтінімі болғанын және Конгрестің халықаралық ұйымдастыру комитеті мүшелерінің еліміздің бастамасын бірауыздан қолдағанын атап өткен жөн.
Венадағы Халықаралық ұйымдастыру комитетінің 97-отырысында Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Қанат Баитов: «Қазақстан үшін тау-кен металлургия кешені еліміздің экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Өнеркәсіптік өндірістің жалпы құрылымында ТКМК 18% құрайды. Міне, сол себепті Астана қаласында 2018 жылы Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізу біз үшін, әрине, тұтастай алғанда елдің бүкіл секторына оң ықпал ететін ең маңызды іс-шара болып табылады. Мен бүгін біз алған тәжірибе мен білімге сүйене отырып, біз ДТК 2018 жоғары халықаралық деңгейде өткізе аламыз деп сенемін» - деді.
Қазақстан үшін ДТК-ның құндылығы неде?
2018 жылғы ДТК бірден бірнеше ерекше күндермен белгіленген: Конгрес өткеннен бері ширек ғасыр, тау-кен ғылымы саласындағы әлемдік ынтымақтастықты дамытудағы айтарлықтай серпіліске және Дүниежүзілік тау-кен конгресі деген атпен белгілі болған халықаралық ұйымды құруға мұрындық болған 1958 жылы Варшавада алғаш рет өткізілген конгрестің құрылғанына 60 жыл, сондай-ақ Қазақстан астанасының 20 жылдығы.
ДТК өткізу ғылыми-техникалық ортада құнды оқиға болып табылады. Себебі екі онжылдықтың ішінде конгресс аясында кейінірек бүкіл әлемдегі ең ірі өндіріс орындарында қолданылған бірегей жобалар мен әзірлемелер ұсынылды. Астанадағы Конгресс одан өзгеше болмайды, өйткені ол зерттеулері мен соңғы әзірлемелеріне ірі компаниялар қызығушылық білдіретін көптеген ғылыми институттарды тартады.
25-ші Дүниежүзілік тау-кен конгресін өткізуге байланысты ұйымдастырушылар мен РеспубликаҮкіметі ең алдымен елге қосымша инвестициялар тарту мүмкіндігіне көп үміт артады.
Мысалы, Конгресс аясында инвесторлармен B2B кездесулер өткізуге арналған еуропалық форматтағы табысты алаң болып табылатын Mines&Money инвестициялық саммиті өтеді.
Mines&Money клубының мақсаты бірінші кезекте тау-кен өнеркәсібіне инвестиция құю болып табылатын бүкіл әлемнің 2500 инвесторының басын қосады. Осы екі оқиға (ДТК, Mines&Money) арқылы елге жаңа инвесторлар мен әлемдік қаржы институттарын тарту жоспарланып отыр. Себебі бұл сектор капитал қажет ететін сала болып табылады және қазіргі уақытта инвестициялауға бағытталған перспективалы жер қойнауы учаскелерінің көлемі 1 млн. 138 мың шаршы километрден асады.
Сонымен қатар, конгресті өткізу бағдарламасы тартымдылықты арттырып, көптеген қаржы-инвестициялық топтардың қатысуын қамтамасыз ететіндей болып әзірленген. Бұл Жер қойнауын пайдалану туралы кодекстің қабылдануына және «Астана» халықаралық қаржы орталығының болашақ цифрлық қызметіне байланысты өзекті мәселе болып табылады. Бұдан басқа, делегаттарға тау-кен металлургия кешенінің нысандарына «өнеркәсіптік экскурсиялар» бағдарламасы аясында техникалық және ғылыми ресурстармен танысуға мүмкіндік беріледі.
ДТК-не екінші «үлкен үміт» Индустрия 4.0 және технологиялар трансфертімен байланысты.
Бұған атап айтқанда, ДТК алаңында экспоненттері пайдалы қазбаларды өндіру және өңдеуді автоматтандыру және саланы цифрландыру бойынша соңғы әзірлемелерді ұсынатын Mining World Central Asia Орталық Азия халықаралық көрмесін өткізу өз үлесін қосады. Отандық компаниялар өндірістің барлық кезеңдерінде өз жұмыстарына цифрлық технологияларды енгізуге белсене қатысуда. Сонымен қатар, барлық бизнес-үдерістер: сатып алу, өндіріске қызмет көрсету, сату, қаржыны және қызметкерлерді басқару цифрлық форматқа көшуде.
Қазіргі кезде Конгреске қатысуға халықаралық коммерциялық және инвестициялық ұйымдардың үлкен қызығушылығы және олардың қаржылық қолдауы осындай кең ауқымды шараны жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Дүниежүзілік тау-кен конгресі: Астанада өтетін шарадан не күтеміз?
25-ші мерейтойлық Дүниежүзілік тау-кен конгресі.
Әлемдік маңызы бар осындай кең ауқымды оқиға бірінші рет тек Қазақстанда ғана емес, ТМД аумағында өткізілмек. Қазақстан мерейтойлық Конгресті өткізу үшін кездейсоқ таңдалған жоқ. Елдің қорлары бай минералды-шикізат базасы болып табылады: жер қойнауында периодты кестенің 99 элементі табылған, 5000 әрекет ететін кен орны бар, өндірісте 60-тан астам элементтер пайдаланылады.
Саланың отандық нарығының көрсеткіштері маңызды фактор болып табылады: 2017 жылы тау-кен өнеркәсібінің көлемі 9,3% -ға, өңдеу өнеркәсібі - 5,1% -ға өсті. Түсті металл рудалары мен темір рудасын өндіру сәйкесінше 8,2% және 6,9% артты. Сарапшылар металлургия саласындағы оң динамиканы атап өтті. Бұл өндіріс көлемінің артуымен түсіндіріледі: қара металлургияда - 6,6%, ал түсті металлургияда - 5,5%.
2017 жылғы 27 желтоқсанда қол қойылған «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» кодекске енгізілген өзгертулер әлемдегі үздік тәжірибеге сәйкес келеді: есеп берудің халықаралық стандарттар жүйесін енгізу аясында заңнаманы жетілдіру жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарттарын жасау тәртібін айтарлықтай жеңілдетеді, жер қойнауын пайдалану шарттарын тұрақтандыруды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығына ықпал етеді.
Бүгінгі таңда Ұлттық ұйымдастыру комитеті (ҰҰК) құрылып, табысты жұмыс істеуде, оның құрметті төрағасы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі. ҰҰК отырыстары Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің базасында өткізіледі. Оған ұлттық компаниялар, салалық қауымдастықтар, ғылыми-зерттеу институттары мен бизнес көшбасшылары кіреді.
Бағдарламада барлық негізгі салаларды жаңғыртуға, Индустрия 4.0 бағдарламасының элементтерін іске асыруға және оны әлемдік ТКМК-де қолданудың озық тәжірибесіне байланысты мәселелерге ерекше көңіл аударылады. Тау-кен рудасы саласының әлемдік сарапшылары “Тау-кен өнеркәсібіндегі технологиялық инновациялар мен озық тәжірибе – болашақ бүгін басталады” атты пленарлық отырысына қатысады. Бөлімнің модераторы Вирджиния көмір және энергетика зерттеу орталығының директоры Микаэль Кармис болады. Шақырылған спикерлердің арасында – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, ERG S.a.r.l Менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич, Vale S.A. президенті Кейтиро Матсуо (Бразилия), RioTinto бас атқарушы директоры Жан Себастьян Жак (Австралия), Anglo-American Марк Катифани (Ұлыбритания) бас атқарушы директоры, Торонто қор биржасының басшысы. Роберт Барнс – London Stock Exchange - Әлемдік басшысы, Кайрат Келімбетов – “Астана” Халықаралық қаржы орталығының басшысы, Скот Фостер – Біріккен Ұлттар Ұйымының Еуропалық экономикалық комиссиясының (Швейцария) директоры, Майкл Хитч - Жаңа Оңтүстік Уэльс (Австралия) университетінің профессоры, ХуаГуо – Әлемдік тау-кен конгресінің төрағасы 2021 (Австралия) өздерінің сессияға қатысатындарын растады.
Атап айтқанда, PwC Россия директоры Максим Баранов тау-кен металлургия кешенінің жетекші компанияларының басшыларымен бірге ТКМК-де заманауи тәсілдерді қолдану аясындағы негізгі аспектілерді ашатын болады. Пікірталас бөлімдерінде өнімге деген сұраныстың қалыптасуы, тау-кен компанияларының технологияларды әзірлеу компанияларымен өзара әрекеттестігі, инновациялардың ТКМК дамуына және елдің экономикасына әсер етуіне байланысты мәселелер талқыланады. “Инновациядағы инвестициялар” бөлімінің қорытынды бөлімі сұрақ-жауап түрінде көрсетілген.
Қазіргі уақытқа 36 елден 317 баяндама алынды. Бұдан бөлек 58 елден 337 қауымдастық шақырылып, 46 елдің 150-ден астам қауымдастығы және халықаралық мекемелері өздерінің ДТК-не қатысатындарын растады.
Үкіметтің биылғы ақпан айындағы кеңейтілген отырысында жариялаған аграрлық-өнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағыттарын ескере отырып, Қазақстан республикасының Елшілігі 11-15 наурызда «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясымен» бірлесіп, Қазақстан ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің Нидерланд Корольдігіне сапарын ұйымдастырды.
Сапар барысында отандық кәсіпкерлер Нидерландтың ірі жоғары технологиялық ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен ғылыми-зерттеу институттарын аралап, заманауи үдерістермен және технологиялармен танысты.
«Ауылшаруашылық саласындағы озық технологиялық инновациялар» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында, нидерландтық 60 кәсіпкерге Қазақстандағы ауыл шаруашылық саласының инвестициялық ахуалы мен әлеуеті таныстырылып, келешек ынтымақтастық мүмкіндіктерін кеңейту мәселелері талқыланды. Еуропалық қайта құру және даму банкі менеджері Әсел Айтқожина өз сөзінде Қазақстанның бизнес әлеуетінің тартымдылығына баса мән беріп, ЕҚҚДБ-ның қазақстандық инновациялық жобаларды қаржыландыру мүмкіншіліктерін атап өтті. «B2B» үлгісінде өткен арнайы сессияда қазақстандық кәсіперлер нидерландтық ықтимал серіктестерімен тақырыптық келіссөздерін одан әрі жалғастырды.
«Нидерландқа жасалған сапар ауылшаруашылық саласындағы заманауи озық технологиялар мен мүмкіншіліктерге жаңа қырынан қарауға себеп болды. Нидерландтық компаниялар мен іскерлік ынтымақтастықтың және ауыл шаруашылығын жүргізудегі озық технологияларды енгізудің зор мүмкіншіліктері барына көзіміз жетті»,- деді «Ақселеу» ЖШС директоры Серік Малаев.
Сапардың басты нәтижелерінің бірі – ҚР-да Нидерландтың жетекші «Вахенинген» ғылыми-зерттеу орталығының қатысуымен аграрлық парк кешенін құру мүмкіншілігі болды. Парк құру Мемлекет басшысының қазақстандық агросекторды дамытуға қатысты белгілеген тапсырмасына сай келіп, Қазақстанда ауылшаруашылық саласындағы жоғары технологиялық және тиімді кластерді дамытуға негіз бола алады.
«Қазақстанның ауылшаруашылық әлеуеті зор. Нидерланд тарапы кешенді өндірістік кластерге қажет технологияларға ие. Аталған екі факторды біріктіру ынтымақтастықтың өзектілігі мен тиімділігін арттырады», - деді «Вахенинген» университетінің агропарк және тағамдық кластер саласының маманы Питер Смитс.
Айта кетерлігі, Нидерланд АҚШ-тан кейінгі әлемдік ауыл шаруашылық өнімдерін экспорттаушы. Жыл сайын 80 млрд. еуродан астам сома көлемінде ауылшаруашылық өнімдерін экспорттап, елдің Жалпы ішкі өнімінің 10 пайызын құрап отыр.
Сапар Қазақстан – Нидерланд Іскерлік Кеңесі атынан Нидерланд «VNO-NCW» өнеркәсіп иелері мен жұмыс берушілер Конфедерациясы, «RoyalDutchShell» және «ERG» компанияларының қолдауымен ұйымдастырылды.


ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде Жауапты хатшы Замир Сағыновтың төрағалығымен 2015-2025 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын сыртқы сараптау мен бағалауды іске асыратын арнайы мониторинг тобының отырысы өтті.
Отырысқа министрліктің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, сондай-ақ бейне конференция байланыс режимінде министрлік комитеттерінің аумақтық бөлімшелерінің өкілдері қатысты.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат департаментінің директоры Салауат Муксимов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау департаментінің директоры Олег Савеленко, «Әскери спортты қолдау одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жалғас Әлибаев баяндама жасады.
Бұдан бөлек, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-шаралар аясында ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы пікір алмасылды.
Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу қорытындысы бойынша министрліктің құрылымдық бөлімшелеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны іске асыру жөнінде қажетті шаралар қабылдаудың ұсынымдары берілді.









Қазақстан Республикасының авиациялық тасымал саласындағы жолаушылар ағынының өсімі артып келеді. Биылғы қаңтар-ақпан айларында әуе тасымалы жолаушыларының саны 1 090,3 мыңға жетті, бұл 2017 жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда (911,0 мың адам) 20%-ға артық.
Анықтама үшін: Өткен жылы әуе көлігімен 7,4 миллион жолаушы тасымалданды. 2017 жылғы жолаушылар ағынының өсу қарқыны 23%-ды құрап, соңғы 25 жылдағы ең жоғары көрсеткішке жетті. Транзиттік жолаушылар тасымалы 30%-ға, жүк тасымалы 24%-ға артқан.
Фото ашық ақпарат көзінен
Президенттің «Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» бірінші бастамасы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жол картасының 2 тармағының негізгі орындаушысы. Бұл туралы Үкімет отырысында Мемлекет басшысы айтқан бес бастаманы іске асыру жөніндегі жол картасына қатысты баяндама жасаған Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Оның айтуынша, Ұлттық банк әзірлеген механизмдерді есепке ала отырып, сәуір айында «Нұрлы Жер» бағдарламасына өзгерістер енгізілмек.
«Енгізілетін өзгертулер «7-20-25» бағдарламасының нормаларын тиімді іске асыруға ықпал ететін болады. Атап айтқанда, тұрғын үй құрылысының көлемін ұлғайту нормалары мен Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің тұрғын үй займдарын беру параметрлері қайта қаралады»,-деп атап өтті министр Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ, жеке құрылыс салушыларға арналған құрылыс алаңдарын дайындау үшін тұрғын үйге қатысты инженерлік коммуникациялардың құрылысын қаржыландыруды жыл сайын 80 млрд. теңгеден 100 млрд. теңгеге дейін арттыруды қарастыру ұсынылады.
«Бұл ұсыныс қолдау тапса, біз Қаржы министрлігінің қарауына 20 млрд. теңгенің қосымша бюджеттік өтінімін ұсынуға дайынбыз»,-деді министр.
Президенттің «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» Үшінші бастамасына қатысты ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Жол картасы бойынша қосымша орындаушы болып табылады.
«2015 жылы бес климаттық шағын аудан бойынша 5, 7 және 9 қабатты жатақханалардың 104, 184 және 244 орынға арналған типтік жобалары әзірленді. Жобада бір орынды (10,9 шаршы метр) және екі орынды бөлмелер (13,4 шаршы метр) қарастырылған. 1 шаршы метрінің құны 138,4 мың теңгеден 150,9 мың теңгеге дейін болады. Бекітілген типтік жатақхана жобаларының электронды нұсқалары іске асыру үшін жергілікті атқарушы органдарға беріледі. Білім және ғылым министрлігіне қажетті құжаттар ұсынылады»,-деді министр.
Сонымен қатар, Жол картасында «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру» бесінші бастамасы бойынша министрлікке шілде айында «Сарыарқа» газ құбырының бірінші кезеңінің құрылысына Жобалық-сметалық құжаттаманың Мемлекеттік сараптама қорытындысын беру тармағы жүктелді. Жалпы, Жобалық-сметалық құжаттама белгіленген мерзімнен бұрын енгізілсе, министрлік тез арада қарап, тиісті қорытындысын шығаруға дайын.
Фото ашық ақпарат көзінен
Бүгінгі күні инвентаризацияның қорытындысы бойынша қызмет көрсететін нысандардың саны 1 859. Олардың 33%-ы (618) Ұлттық стандартқа сай келеді. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелеріне арналған Үкімет отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, өткен жылы (Жергілікті атқарушы орган, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, «Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» Акционерлік қоғамы, бизнестің ірі субъектілері) қызмет көрсету нысандарын Ұлттық стандартқа сәйкестендіру, Шағын және орта бизнес субъектілерін қолдау мәселелері бойынша Жұмыс топтары құрылды.
«Қызмет көрсету нысандарын дамытудың іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жыл қорытындысы бойынша қолданыстағы 113 нысан жаңартылып, 22 нысан жаңадан салынды. Жалпы, 2017 жылы Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар саны 135-ке жетті. Сонымен қатар, «KazWаy» модульдік сервисінің 2 павильоны орнатылды»,-деді министр.
Биыл 200 нысанды жаңалап, 36 нысанды салу жоспарланып отыр. 2018 жылдың соңында Ұлттық стандартқа сай келетін нысандар санын 818-ге дейін жеткізу жоспарлануда. Сондай-ақ, GoogleMaps, Яндекс Карта, IRU Transpark картасына қызмет көрсету нысандары туралы ақпаратты енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Фото ашық ақпарат көзінен