Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитеті еліміздің жергілікті әуе желілерін дамыту бойынша жұмыстарды жүргізіп жатыр.
Осыған орай, сондай-ақ туризмді дамыту және Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы курорттық аймақтың қолжетімділігін арттыру мақсатында ұзындығы 1200 м және ені 21 м ұшып-қону алаңы жаңартылуда. Жергілікті аэродром барлық қажетті аэронавигациялық жабдықтармен жабдықталады. Сондай-ақ, жолаушыларға қызмет көрсету үшін 200 шаршы метр аумақты құрайтын ғимарат салынады.
Курорттық аймақтағы аэродромды 2018 жылдың соңына дейін салып бітіру жоспарланған. Тиісті сертификаттаудан кейін келесі туристік маусым алдында Астана-Баянауыл, Павлодар-Баянауыл рейстерін ашу көзделініп отыр. Сонымен қатар, Алматы-Баянауыл бағытын ашу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған бағыттарда аймақтық авиацияның ұшақтарын пайдалану жоспарланып отыр.
Биылғы туристік маусымда Астана мен Алматыдан Балқаш, Үшарал және Үржар курорттық аймақтарына субсидияланған тұрақты ішкі рейстер орындалатындығын атап өткен жөн.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 16 шілдедегі бұйрығымен Шакқалиев Арман Абайұлы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы болып тағайындалды.
Арман Шакқалиев 1977 жылы туған.
Туған жері: Қарағанды облысы, Балқаш қаласы.
Білімі:
- М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университеті, «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша,
- Гумилев атындағы Еуразиялық университеті, «Заңгер» мамандығы бойынша,
- Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, «Экономист» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын Ақмола облысы және Астана қаласында «Кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және тарату агенттігі» АҚ заң кеңесшісі қызметінен бастаған.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің «Резерв» РМК бөлімінің бастығы, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитет төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
Техникалық реттеу жүйесінде 2004 жылдан бастап «Қазақстандық метрология институты» РМК директоры болып жұмыс істеді.
2008 жылдың маусымынан 2016 жылдың сәуіріне дейін «Қазақстандық стандарттау және сертификаттау институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметін атқарды.
2016 жылдың сәуір айында Еуразиялық экономикалық комиссияның Техникалық реттеу және аккредиттеу департаментінің директоры болып тағайындалды.
Сапа менеджменті жүйелерінің сәйкестігін растау бойынша сарапшы-аудитор
Халықаралық инженерлік академияның корреспондент мүшесі.
Мәскеуде (Ресей Федерациясы) ИКАО-ның елдер арасындағы тиімді ынтымақтастық үшін Жаһандық авиациялық қауіпсіздік жоспарының ережелерін іске асыру аясында авиациялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық конференция өтті. Жиынды авиациялық қауіпсіздік қызметіне 45 жыл толған Ресей Федерациясының Федералды әуе көлігі агенттігі ұйымдастырып отыр. Конференция жұмысына мемлекеттік органдардың, құқық қорғау және арнайы органдардың, ірі авиакомпаниялардың, Ресей Федерациясының кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің (Қазақстан, Белоруссия, Тәжікстан және т.б.) авиациялық билік өкілдері қатысты.
Жиын барысында Ресей Федерациясы Көлік министрінің орынбасары Николай Захряпин, «Ространснадзор» басшысы Виктор Басаргин және Ресей Федерациясының мемлекеттік органдарының басқа да басшылары сөз сөйледі. Сонымен қатар, конференцияның жұмысы барысында азаматтық авиацияға заңсыз араласу оқиғаларынан қорғайтын техникалық құралдар саласындағы инновациялар мен жаңа технологиялар бойынша көрме ұйымдастырылды.
Қазақстан тарапынан конференцияда ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев елімізде осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Комитет басшысы азаматтық авиация объектілерін заңсыз араласу мен лаңкестік қауіп-қатерлерден қорғау мәселесі жыл сайын өзектілігі артып келе жатқанын атап өтіп, осы салада көрші мемлекетпен әріптестіктің маңыздылығына тоқталды. Өйткені, Қазақстаннан жасалатын халықаралық рейстердің көпшілігі Ресей қалаларымен жүзеге асырылады.
Бүгінгі таңда Ресей авиациялық қауіпсіздік қызметі заманауи тәсілдерді қолданады және оның жұмысы жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Келесі жылы Ресейдің авиациялық қауіпсіздік жүйесі ИКАО тарапынан тексерілетін болады. Ал Қазақстан осы аудитті 2017 жылы өткізіп, авиациялық қауіпсіздік деңгейін 83% -ға жеткізді. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 21% -ға жақсарды.
ҚР ИДМ Көлік комитеті маусымның 7-і мен 15-і аралығында 13 жолаушылар пойызын тексерді. Солардың ішінде Алматы-Манғышлақ бағытымен жүретін №377/378, Алматы-Орал - №379/380, Алматы-Саратов - №7/8, Алматы-Ақтөбе - № 33/34, Алматы-Сарыағаш - №85/86, Атырау-Маңғышлақ - №313/314, Астана-Қызылорда - №89/90, Алматы – Атырау - №35/36 құрамдары бар.
Инспекторлар тексеріс барысында 23 билетсіз жолаушы тасымалданғанын, 55 жолаушылар мен багажды тасымалдау ережелері бұзылғанын анықтады. Нәтижесінде 19 әкімшілік іс қозғалып, тасымалдаушыға 350 мың теңгеден астам айыппұл салынды.
13 тексеріс материалы белгіленген жолаушылар пойызында қызмет көрсету талаптарына сай болмағанына қатысты заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік материалдар құру үшін Көлік комитетінің аймақтық бөлімшелеріне жіберілді. Жіберілген материалдар бойынша айыппұлдар сомасы 550 мың теңгені құрайды.
Одан басқа маусым айының 18-і мен шілденің 8-і аралығында комитет 27 жолаушылар пойыздарында жолаушыларға қызмет көрсету саласындағы ұлттық стандарттың және субсидиялау шарттарының талаптарын тасымалдаушылар бұзғанын анықтады. Нәтижесінде 260 заң бұзушылық анықталды. Атап айтқанда солардың ішінде ауа кондиционерлері жүйесі мен ішкі құрылғылардың ақаулықтары, вагондардың қанағатсыз санитарлық күйі, төсек-орын сапасы және басқалары бар.
Субсидиялау шарттарының талаптары шеңберінде тасымалдаушыларға жалпы сомасы 12 млн теңгені құрайтын төленген субсидияларды қайтаруға санкциялар берілді. Анықталған заң бұзушылықтарын жақын арада жоюға нұсқау берілді.
Осы бағытта жұмыс әрі қарай жалғасуда.
ҚР инвестициялар және даму министрлігінде жауапты хатшы Замир Сагиновтың төрағалығымен өткен жиналыста «Мемлекеттік қызметшілердің, банктік ұйымдардың және қоғамдық қызмет ету салалық кәсіби одақ» ҚБ төрағасы Мірболат Жақыпов Қазақстандағы кәсіподақтар қызметінің негізгі бағыттары туралы баяндады.
Мірболат Жақыповтың айтуынша, Қазақстандағы кәсіподақтық қозғалыс ХХ ғасырдың басында басталған. Қазіргі таңда ҚР кәсіподақ Федерациясы – салалық және барлық аумақтық кәсіподақтарды өзіне біріктірген коммерциялық емес ұйым болып табылады.
«Мемлекеттік қызметшілердің, банктік ұйымдардың және қоғамдық қызмет ету салалық кәсіби одақ» ҚБ бөлімшелерде, аудандандарда, қалалық, алғаш кәсіподақ ұйымдарының облыстардағы жергілікті кәсіподақтары мен өкілдіктеріндегі, республикадағы ұйымдар мен мекемелерде өздерінің ерекшеліктеріне ие. Кәсіподақтың барлық дерлік мүшелері әртүрлі мекемелердің қызметкерлері болып табылады және олардың күнделікті қызметі негізінен кеңселерде өтеді.
Сонымен қатар, бастамашылық топтың өкілі Аймұрат Әлібаев министрлікте бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру мақсаттары мен жоспарлары және кәсіподақ қызметінің заңнамалық тұрғыдан реттелуі туралы айтып берді.
Келесі аптада бірінші құрылтай жиналысын өткізу және бастауыш кәсіподақ ұйымын құру жоспарланып отыр. Дауыс беру арқылы бастапқы кәсіподақ ұйымының төрағасын, кәсіподақ комитетінің және тексеру комиссиясының мүшелері сайланбақ.
Биыл Қазақстанның азаматтық авиациясында жолаушылар тасымалының жоғары өсу қарқыны сақталуда. Мәселен, 2018 жылдың 5 айы ішінде тасымалданған жолаушылар саны 3,0 млн. құрап, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 12%-ға артық (2,5 млн. адам). Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының әуежайлары биылғы 6 айда 6,5 млн. адамға қызмет көрсетті. Бұл көрсеткіште өткен жылғы сандардан 12%-ға артып отыр.
Бұл ретте, 2017 жылы Қазақстанның азаматтық авиация саласында тасымалданған жолаушылар саны 7,4 млн. құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 23%-ға артып, рекордтық өсім көрсеткендігін атап өткен жөн.
Сондай-ақ, биыл әуе компаниялар тасымалдаған транзиттік жолаушылар санының өсуі де байқалады. 2018 жылдың бірінші жартысында өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда бұл сегменттегі өсу қарқыны 30%-ды (400 мың адам) құрады.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, Инвестициялар және даму министрліктерінің бірлесіп ашқан «Protecting business and Investments» жобалық бюроның бір айлық жұмысының қорытындысы шығарылды. Бүгін жобалау офисіне сала басшылары Алик Шпекбаев, Қайрат Әбдірахманов пен Жеңіс Қасымбек келді.
Жоба кеңсесіне қысқа мерзім ішінде әкімшілік кедергілерге қатысты мәселелер бойынша 17 бизнес өкілі жүгінген, олардың үшеуінің мәселесі қаралып, жедел түрде шешімін тапқан. Қалған мәселелер қазір қарастырылуда.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ-мен бірлесіп еліміздің барлық өңірлерінде фронт-офистер ашылды, бизнес қауымдастығымен және өңірлердегі инвестиция тартуға жауапты әкімдердің орынбасарларымен 29 түсіндірме кездесулері ұйымдастырылды.
Кездесулер кәсіпкерлік өкілдері тарапынан оң бағаға ие болып, олар өз кезегінде сыбайлас жемқорлық ықтималдылығын жою мен аймақтардағы инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендігін білдірді.
Инвестициялық жобалардың орындалуын бақылау мақсатында мемлекеттік органдар мен «Kazakh Invest» ҰК» АҚ инвесторлар, инвестициялық жобалар, өндіріс алаңдары және әлеуетті инвесторлардың ақпараттық сұраулары туралы толық, сенімді және дәл ақпаратты қамтитын «СRM» ақпараттық-мониторинг жүйесін жетілдіре түспек. Осы жүйенің көмегімен мемлекеттік органдар әр инвестициялық жобаның жүзеге асуы барысын онлайн режимінде қадағалауға мүмкіндік алады.
Мемлекет Басшысы венчурлік қаржыландыру туралы заңға 2018 жылдың 9 шілдеде қол қойды. Заңда жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандыруға бағытталған бірқатар жаңа енгізілімдер көзделген. Заң жобасын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму Министрлігі мен "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ бірлесіп («Байтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымы) әзірледі.
Заңның қабылдануының нәтижесінде инновациялық-белсенді кәсіпорындардың өсуі күтілуде, венчурлік қаржыландыру нарығындағы қатысушылар инвестициялық жандандырылады, жаңа жұмыс орындары ашылады және халықтың кәсіпкерлік белсенділігі артады.
Ең алдымен, заң ұғымдық аппаратты енгізуді және венчурлік қорлардың құқықтық мәртебесінің ерекшеліктерін анықтауды көздейді. Осылайша, венчурлық қорға, венчурлік қаржыландыруға және венчурлық басқарушыға заңды түрде анықтама беріледі. Акционерлік қоғам, шаруашылық және қарапайым серіктестік түріндегі венчурлік қорларды құру нысандары бекітіледі. «Венчурлік қор» ұғымы индустриялық-инновациялық инфрақұрылымның элементтерінің бірі ретінде анықталады. Бұл қазақстандық инвесторларға және инноваторларға отандық юрисдикциядағы мәмілелерді құруға мүмкіндік береді, бұл инвестициялар мен инновациялардың шетелге кетуіне жол бермейді. Бүгінгі күні ЭЫДҰ елдерінде жеке венчурлік капитал инновациялық қызметті қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады. Бұл жағдайда, көбінесе, әлемдік тәжірибеде ұлттық инновациялық жүйеге венчурлік инвестициялар жергілікті болып табылады.
Венчурлық инвестициялардың жоғары тәуекелдермен байланысты екенін ескере отырып, венчурлік қорлар қаржыландыратын инновациялық жобаларға мемлекеттік қолдаудың тиімділігін бағалау тәсілдері өзгерді. Атап айтқанда, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау барысында мемлекет қаржыландыратын венчурлік қор жобаларының барлық портфелінің нәтижелері ескеріледі. Осылайша, жеке инвесторлар дамудың бастапқы кезеңіндегі тәуекелді жобаларды сенімді түрде инвестициялау мүмкіндігіне ие болады. Тағы бір жаңа енгізілім - бұл өздерінің салымдарын біріктіріп және пайда алу үшін заңды тұлға құрусыз бірлескен венчурлік қаржыландыру қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі. Бұл тәсіл бірлескен қызметті жүзеге асыру және оң экономикалық тиімділікке қол жеткізу үшін енгізілген венчурлік қор келісімшартының конструкциясын пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, венчурлік қаржыландыру және ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы басқа да институттарға венчурлік қаржыландыру функциялары бөлінді, мысалы, «Зерде» ұлттық холдингі IT технологиялар саласындағы кәсіпорындарды қаржыландыру үшін венчурлік қор құра алады.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Парламентте заңды таныстыру кезінде, ұзақ мерзімді келешекте жаңа енгізілім ғылыми-техникалық озықтықты, ЖІӨ-нің өсуін, елдің бәсекеге қабілеттілігін және «жаңа технологияларды және бизнес-шешімдерді дамытудағы кәсіпкерлердің санын көбейтуге» мүмкіндік беретінін атап өтті.
Инвесторлар, венчурлік басқарушылар, венчурлік қорлар және инноватор-кәсіпкерлердің өкілеттіктерін және міндеттерін орындаған кезде арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеу үшін заңмен корпоративтік құқықтың жаңа келісімшарттық құралдарын енгізу қарастырылған. Бұл түзетулер ағылшын заңының элементтерін заңнамаға енгізуге мүмкіндік береді. Аталған келісімшарттық құралдар мен құрылымдар венчурлік қаржыландыру үшін пайдаланылады, бірақ заң қабылданбағанша азаматтық заңнамамен толық реттелмейді. Оларды пайдалану мүмкіндігінің болмауы Қазақстанда венчурлық мәмілелерді жасауға қиындық тудырды.
Осылайша, «акционерлік келісім» («shareholders’ agreement») заңымен көзделген келісімшарттық құрал акционерлер арасында мүдделердің теңгерімін орнатуға, сондай-ақ осындай заңды тұлғаның қызмет ету тиімділігіне байланысты адамдар арасындағы мүдделер қақтығысын болдырмауға мүмкіндік береді (менеджерлер, компания директорлары, кредит беруші, тұтастай алғанда қоғам және т.б.). Бұл келісім классикалық көзқараста қоғамды басқару, акциялар айналымымен және басқаға қатысты мәселелердің кең ауқымды реттейді.
Заңның тағы бір жаңа енгізілімі серіктестікке қатысушылардың құқықтарын іске асыру туралы келісім болып табылады. Бұл келісімшарттық құрал серіктестер арасында келісілген «ойын ережелерін» бекіту, соның ішінде бизнеске «кіру» және «шығу» шарттары, сондай-ақ корпоративтік жанжалдардың тәуекелдерін азайту үшін арналған. Келісім қатысушыларға өз құқықтарын мүмкіндігінше қорғауға және жарғыда, серіктестіктің құрылтай шартында реттелмейтін аспектілерді реттеуге мүмкіндік береді. Келісімнің шарттарын оның қатысушыларының келісімінсіз өзгерту мүмкін еместігі басқа қатысушылардың мүдделерінің теңгерімін бұзбай миноритарлық акционерлердің құқықтарын тиімді қорғауға мүмкіндік береді.
Тағы бір жаңа құрал – опциондық шарт (stock option), шартты құрастырылым, оған орай басқа тараппен талаптарды ұсынған жағдайда тараптардың бірі өз міндеттемелерін орындауға міндеттенеді. Опциондық шартта міндеттемелерді орындау талап еткенге дейін қойылады. Stock option әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылады, венчурлік инвесторға инвестициядан «кіру» және «шығуды» одан әрі икемді құрылымдауға, ал стартаптарға негізгі қызметкерлерді стартап-жоба табысты болған жағдайда компанияның мүшесі болуға опционмен (құқықпен) ынталандырып, тартуға мүмкіндік береді.
Аса маңызды жаңа енгізілім - Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген басқа да мүліктен басқа, венчурлік қордың қатысушыларына қатысушы серіктестіктің жарғылық капиталына салым ретінде қаржылық қарыздар (convertibleloan) бойынша серіктестікке талап ету құқығын пайдалану болып табылады.
Сондай-ақ, заңмен венчурлік қаржыландыру нарығының қатысушыларына шарттарға куәландырулар(representation) мен кепілдіктер (warranties) туралы ережелерді енгізу мүмкіндігі ұсынылады.
Куәландыру – оның негізінде куәландыру жасаған тұлғаның контрагенті мәміле жасаған фактілер туралы мәлімдеу. Келісімшарттық куәландырулар контрагентке залалдарды өтеуге кепілдікті ала отырып, заңды сараптама шеңберінде тиісті жағдайларды қайта қарау үшін аз уақыт пен күш жұмсауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде транзакциялық ұсталатын шығындар үнемделеді.
Өз кезегінде, кепілдік – бұл өтініш, оның негізінде мысалы, бағасы, белгілі бір шектеулердің күшін сақтап қалу мерзімдері және т.б. сияқты шарттың осындай маңызды талаптары анықталады. Олардың бұзылуы инвесторға шартты бұзуды және залалдардың өтелуін талап ету құқығын береді.
Шартта көрсетілген жағдайлар туындаған жағдайда ысыраптардың өтелуі (индемнити) - бұл венчурлік қаржыландыру субъектілері үшін тағы бір жаңалық. Іскерлік қарым-қатынастарда жиі шарттың бір тарапы шарттың басқа тарапын залалдардан немесе үшінші тараптың алдындағы жауапкершіліктен қорғауға келіседі. Индемнити бұл келісімді білдіреді (бұл жеке шарт немесе жеке шарттың талабы болуы мүмкін), оған сәйкес бір тарап екінші тарапты үшінші тұлғаларға келтірілген залалдардан немесе үшінші тұлғалар алдындағы жауапкершіліктен қорғауға келіседі.
Жалпы заңның қабылдануы жеке венчурлік капитал нарығын дамытуды ынталандырады, цифрлық және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйесін қалыптастырады, шетелдік инвестицияларды және интеллектуалдық ресурстардың ағынын тартады.
Астанада Kazakhstan Global Investment Roundtable-2018 шеңберінде араб делегациясының кәсіпкерлері мен «Kazakh Invest» ұлттық компания өкілдерінің екіжақты кездесуі өтті.
Тараптар Қазақстан экономикасының басым салаларында араб бизнесінің жаңа инвестициялық жобаларын іске асыру мен ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
«Сіздің ел БАӘ үшін Орталық Азия өңіріндегі ынтымақтастық серіктесі болды және болып қала береді және біздер Қазақстан экономикасының дамуы мен араб бизнесі үшін ашатын перспективаларға жіті қадағалаймыз», - деп атап кетті кездесу барысында Араб Әмірліктері делегациясының басшысы, Джамаль Саиф Аль Джарван мырза, БАӘ Шетелдік инвесторлар ассоциациясының бас хатшысы.
Тараптар жұмыстағы бірлескен бизнес-жобалар жөнінде пікір алмасты және қазақстандық тарап ауыл шаруашылығы, тағам өнеркәсібі, машина жасау және туризм сияқты экономиканың басым салаларында барынша перспективалы жобалармен таныстырды.
«Kazakh Invest» Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев Қазақстан ел аумағында жұмыс істейтін халықаралық инвесторларға қатысты ашықтық, қорғау және толық сүйемелдеу қағидаттарын ұстанатындықтарын атап кетті.
«Мемлекеттік жекешелендіру бағдарламасы біздің елдің Қазақстандағы бизнесі үшін үлкен бірегей мүмкіндіктер ашады. Біздер тұрақты негізде достастық БАӘ келген компанияларға жан-жақты қолдау мен көмек көрсетуге дайынбыз»,- деп атап кетті С.Тұяқбаев.
Сөз соңында тараптар «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен БАӘ Халықаралық инвесторлар ассоциациясы арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Бүгін Ақтауда Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Швейцарияның іскерлік делегациясының Қазақстанға сапары барысында Швейцарияның экономика, білім және зерттеу бөлімінің басшысы Йоханн Шнайдер-Амманмен кездесті.
Жеңіс Қасымбек 2017 жылы Қазақстан мен Швейцария арасындағы сыртқы сауда айналымы 3 млрд. АҚШ доллардан асатынын атап өтті. Бұл 2016 жылға қарағанда 14% жоғары. Сол кезеңде Қазақстанға Швейцария экспорты да 14% -ға өсті.
«Швейцария біз үшін Қазақстанның Еуропадағы стратегиялық және маңызды сауда-экономикалық әріптесі болып табылады. Біздің бүгінгі кездесуіміз сауда-экономикалық байланыстарды одан әрі нығайтуға, өзара мүдделі салалардағы өзара қарым-қатынас салаларын кеңейтуге деген ұмтылысымыздың тағы бір дәлелі », - деп атап өтті Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі.
Соңғы 12 жылда Швейцариядан Қазақстанға тікелей инвестициялардың жалпы ағыны 20 млрд. АҚШ доллардан асты. Бүгінгі күні Қазақстанда энергетика, көлік, инновация, медицина сияқты салаларда Швейцария капиталының қатысуымен 300-ден астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді
Йоxанн Шнайдер-Амманн өзінің келесі сапары екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталғанын және Швейцарияда инновация мен цифрландырудың дамуы туралы айтты.
ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек екіжақты ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге дайын екенін білдірді.
Кездесу соңында қымбат металдар мен олардың өнімдеріне талдау белгілерін өзара тану туралы келісім жасау туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойылды.
Осы келісімнің жасалуы біздің елдеріміз арасындағы тауардың саудасын арттыруға көмектеседі, біздің өндірушілеріміздің нарықтарына өзара кіру мүмкіндігін ашады.
2016 жылы «Бағалы металдар және бағалы тастар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғандығын атап өту керек, осыған байланысты осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту өзекті мәселе болып табылады.
Бірлескен мәлімдемеге қол қойылғаннан кейін ішкі үйлестірудің қосымша рәсімі және Швейцария Конфедерациясының Федералдық Кеңесі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы бағалы металдарға және олардан жасалған бұйымдарға қатысты белгілерді өзара тану туралы тиісті келісімге қол қойылды.
Сапар барысында Швейцария делегациясы «Порт-Құрық» ЖШС, «Ақтау Теңізі Солтүстік Терминал» ЖШС, «Морпорт Актау» АЭА №1 Субзоны, «Қазақстандық құбырлар трейдерлері» ЖШС (Tenaris) және «Arcelor Mittal Tubular Products» АҚ .