Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
28 мая 2024
Қазақстаннан шетелге ұшатын халықаралық рейстердің саны артуда

Жазда Вьетнам, Тайланд, Египет және Грузияға ұшатын рейстердің саны айтарлықтай арта түспек

Бүгінде елімізден халықаралық бағытта 28 елге 121 маршрут бойынша аптасына 567 рейс жиілігімен ұшақтар ұшып, жолаушыларды тасымалдайды

Рейстердің басым бөлігі Ресей Федерациясына жөнелтіледі. Атап айтқанда, аптасына 31 әуе бағыты бойынша Мәскеу, Санкт-Петербург, Екатеринбург, Минеральные воды, Қазан, Сочи, Красноярск, Новосибирск, Махачкала және Грозный қалаларына 139 рейс орындалады.

Ал Түркияға 18 әуе бағыты бойынша Стамбул, Анкара, Анталия қалаларына аптасына 125 рейс жиілігімен және Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай, Абу-Даби, Шарджа қалаларына 58 рейс 6 әуе бағыты бойынша ұйымдастырылған. Қазақстаннан Қытай Халық Республикасына қатынайтын ұшақтар Бейжің, Үрімші, Сиань, Ханчжоу, Санья сынды қалаларды қамтып, 9 әуе бағыты бойынша аптасына 43 рейс жүзеге асырылады.

Айта кетерлігі, биыл жазда жолаушыларды Вьетнамға, сонымен бірге Тайланд, Египет және Грузия мемлекеттеріне тасымалдайтын әуе рейстерінің саны айтарлықтай арта түспек.

 

27 мая 2024
ЖАЗ МАУСЫМЫНДА КУРОРТТЫҚ АЙМАҚТАРҒА ҚАТЫНАЙТЫН РЕЙСТЕР МЕН ПОЙЫЗДАРДЫҢ САНЫ АРТАДЫ - КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ

Туристік маусым қарсаңында ҚР Көлік министрлігі еліміздің курорттық аймақтарына қатынайтын әуе рейстері мен теміржол пойыздарының санын арттыру шеңберіндегі жұмыстарды жалғастырып жатыр.

Мәселен, Астана мен Алматыдан аптасына 36 рейс жиілігімен Балқаш және Алакөл көлдеріне әуе рейстері орындалады. Оның ішінде ұшақтар 33 жиілікпен Алакөлге, 3 жиілікпен Балқашқа дейін ұшады.

  1. Алматы қаласынан:

- Үржарға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 7 рет «Южное небо» әуе компаниясымен орындалады. Сондай-ақ биыл 1 шілдеден бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

- Үшаралға дейін (субсидияланатын рейс): аптасына 10 рет «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Сонымен бірге 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуе компаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қоспақ;

- Балқашқа дейінгі коммерциялық рейстерді «Южное небо» әуекомпаниясы орындайды, аптасына 3 рейс (сәрсенбі, жұма, жексенбі);

  1. Астана қаласынан:

- Үржарға 1 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосады;

- Үшаралға биыл 16 маусымнан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы аптасына 4 рейс жиілігімен (сейсенбі, бейсенбі, жұма және жексенбі күндері) коммерциялық рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар Алакөл көлінің бағытында қосымша 3 Тальго пойызы мен 3 стандартты пойыз жүре бастайды:

1.​№254/253 "Астана-Достық” (тальго);

2.​№211/212 "Алматы-Достық"(тальго);

3.№207/208 "Алматы-Достық"(тальго);

  1. ​№221/222 "Алматы-Достық"(стандартты);
  2. ​№457/458 "Семей-Достық"(стандартты);
  3. ​№459/460 "Өскемен-Достық" (стандартты);

7.​№21/6942/6941/22 "Алматы-Достық" (тіркеме вагон);

8.​№21/6942/6941/22 "Қызылорда-Достық" (тіркеме вагон);

Бүгінгі таңда аталған бағыттарда үш пойыз жолаушыларды тасымалдайды. Атап айтқанда, №337/338 "Алматы-Достық", №6941/6942 "Ақтоғай-Достық", №53/54 "Астана-Достық" және "Астана-Достық" бағытындағы вагондар (№121/122 "Астана-Семей" пойызының құрамында, 3 купе вагон).

Жалпы саны 12 пойыз қатынайды.

 Сонымен қатар сұранысқа ие келесі бағыттар бойынша коммерциялық пойыздарды іске қосу қарастырылуда:

* №201/202 Астана-Алматы

* №203/204 Астана-Шымкент

* №257/258 Орал-Астана

Қазіргі таңда қолданыстағы бағыттар бойынша жылжымалы құрамды жазғы кезеңге дайындау жұмыстары жүргізілуде. Мәселен, желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта жаңғырту, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін жуу және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру бойынша іс-шаралар атқарылуда. Сондай-ақ тамбурларды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау әрі вагон шанақтарын жуу жұмыстары жүргізілуде.

27 мая 2024
Көлік әлемі: 9-11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру жұмысы жүргізілді

Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі 20-24 мамыр аралығында жоғары сынып оқушыларын көлік саласындағы кәсіптермен жіті таныстыру үшін әрі түлектерді көлік мамандығын таңдауға шақыру мақсатында қалалық, аудандық және ауылдық мектептердің 9-11 сынып түлектері арасында кәсіби бағдар беру бойынша жұмыстарды ұйымдастырды.

Аталған кездесулерде сала сарапшылары теміржол, авиация, теңіз саласы және автомобиль көлігіндегі өз тәжірибелерімен бөлісті.

Көлік мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындары мен колледждердің өкілдері логистика, авиация, теміржол, теңіз және автомобиль көлігінде жұмыс істейтін мамандарды даярлауға бағытталған мемлекеттік гранттар мен оқыту бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар қорытынды емтихандарға дайындалу, курстар мен бағдарламаларды таңдау, тағылымдамалар мен тәжірибелік сабақтардың мүмкіндіктері туралы кеңестер берілді.

Кездесулер ашық диалог форматында өтіп, мектеп түлектері үшін көлік әлеміне қатысты жолдаған сұрақтарына жауап алу мүмкіндігі туды.

Жиынға көлік саласының сарапшылары ретінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ, әуе компаниялары, Қазаэронавигация, Қазавтожол, Қазақтеңізкөлікфлоты, «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» РМК, Қазақтеңізкөлікфлоты, әуежайлар, «ҚазжолҒЗИ» АҚ, Қазақстан су жолдары, жолаушылар мен жүктердің автомобиль тасымалдаушылары сияқты көлік саласының жетекші компанияларының қызметкерлері қатысты.

Сондай-ақ мектеп түлектерінің назарына Логистика және көлік академиясы, Азаматтық авиация академиясы, Л.Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол институты, Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті, Халықаралық көлік-гуманитарлық университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, Алматы менеджмент университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті мен басқа да оқу орындары туралы ақпарат ұсынылды.

Осыған байланысты ҚР Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесе отырып, аталған мамандықтар бойынша берілетін гранттар санын ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мәселен, елімізде «Көлік құрылысы» мамандығы бойынша жеке бағдарлама қайта жанданды. Бұрын-соңды жүргізілген талдауға сәйкес, қазір жол саласында 1,5 мыңға жуық маман жетіспейді. Осылайша, автожол саласындағы кадр тапшылығының жүйелі проблемаларының бірін шешу үшін білікті жолшыларды даярлау бағытына биыл мыңға жуық мемлекеттік білім беру гранты бөлінеді.

 

21 мая 2024
Оманмен тікелей әуе қатынасы қалпына келтірілуде

Биылғы жылдың 18 маусымынан бастап "Salam Air" Оман әуе компаниясы Алматы – Маскат бағыты бойынша әуе қатынасын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Рейстер сыйымдылығы 180-230 орындық «Эйрбас-А320/А321» үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері) орындалады.

Әуе қатынасын қалпына келтіру екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.

21 мая 2024
Қазақстанда ұшқыштарды даярлайтын дайындық мектебін ашу бойынша алғашқы келісімдерге қол жеткізілді

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев Литва Республикасына жұмыс сапары аясында "Avia Solutions Group" өкілі Вигаудас Ушацкаспен кездесті.

"Avia Solutions Group" экипажды даярлау және техникалық персоналды оқыту саласындағы кешенді шешімдерді ұсынатын халықаралық компания. Министр BAA Training  оқу орталығына барып, ұшқыш мамандығын игеріп жүрген азаматтық авиация академиясының студенттерімен кездесті.

Кездесу аясында Академия базасында EASA PART FCL сертификатын бірлесе алу кезеңдері талқыланды. Бұл болашақта Қазақстанда еуропалық стандарттарға сәйкес ұшқыштарды даярлауға мүмкіндік береді. Мұндай қадам еліміз бен Орталық Азиядағы білікті кадрлар санын едәуір арттыруға септігін тигізбек.

15 мая 2024
Тәуелсіз Қазақстан тарихында әуе кеңістігіндегі көрсетілген қызмет көлемі рекордтық көрсеткішке жетті

Өткен жылы «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорын мамандарымен еліміздің әуе кеңістігінде 415 мыңнан астам ұшып-қону бойынша аэронавигациялық қызмет көрсетілді. Оның ішінде, 107 мыңға жуығы отандық әуе компанияларымен, ал 308 мыңы шетелдік әуе компанияларымен жүзеге асырылған рейстер. Бұл – Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

2024 жылдың бірінші тоқсанында еліміздің әуе кеңістігінде 90 мыңнан астам аэронавигациялық қызмет көрсетілген. Оның ішінде, отандық әуе компанияларымен жасалған 25 мың рейс пен шетелдік әуе компаниялары жүзеге асырған 69 мың рейс.

ҚР Көлік министрлігінің «Қазаэронавигация» РМК республиканың бүкіл аумағында әуе қозғалысын ұйымдастырумен айналысады (2,7 миллион шаршы шақырым). Бақыланатын әуе трассаларының жалпы ұзындығы 111 мың шақырымды құрайды. Кәсіпорынның негізгі мақсаты – Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

14 мая 2024
Қазақстан ТМД елдері арасында бірінші болып ИКАО-мен келісімге қол қойды

Халықаралық Азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) 2050 жылға дейін халықаралық рейстерден таза нөлдік эмиссияға қол жеткізу мақсатын алға қойды

Осы ретте ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло Қазақстанға кезекті сапары барысында Қазақстан мен ИКАО арасында экологиялық авиациялық отын (ACT-SAF) саласында әлеуетті арттыру мен мамандарды оқытуды қолдау жөніндегі ИКАО бағдарламасына Қазақстанның қосылуы туралы келісімге қол қойылды.

Қазақстан тарапынан құжатқа Көлік вице-министрі Талғат Ластаев, ИКАО тарапынан – ИКАО Еуропалық/Солтүстік Атлантикалық бюросының өңірлік директоры Николя Ралло болды.
 
Аталған құжатқа сәйкес ИКАО Қазақстанға ACT-SAF бағдарламасының іс-шараларын әзірлеуге және оған қатысуға жәрдемдесетін болады. Атап айтқанда, озық тәжірибе мен өзекті ақпарат алмасу, оқыту семинарлары мен тренингтеріне қатысу, ұлттық іс-қимыл жоспарларында SAF-қа байланысты мәселелерде техникалық көмек көрсету және SAF бойынша нақты жобаларды іске асыру.

14 мая 2024
Көлік министрлігінің оқушылармен кәсіби бағдар беру жұмысы

Елордалық оқушылар үшін көлік саласы туралы ақпарат алуға бірегей мүмкіндік берілді. Көлік министрлігінің басшысы Transport Towers ғимаратында Астана қалалық мектептерінің түлектерімен «ашық микрофон» форматында кездесу өткізді

«Мемлекет басшысы еліміздің көлік-логистикалық әлеуетін нығайту ісіне барынша күш салуды тапсырды. Кәсіби мамандар кез келген саланың табысты дамуының кепілі болып табылады. Бұл кездесуді көлік саласының қоғамдағы атқаратын рөлін айқындап, кейінгі толқынға бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырдық. Осы ретте аталған саланы дамытуда кадрлық әлеует мәселесі маңызды рөл атқаратынын және саланың болашағы сіздердей жас мамандарға тікелей байланысты екенін атап өткен орынды», – деді Марат Қарабаев өз сөзінде.

Іс-шараға көлік саласының жетекші компаниялары қатысты. Кездесу барысында сарапшылар жинақтаған көп жылғы тәжірибелерімен бөлісіп, көлік мамандықтарының қыр-сырын айтып берді. Көлік мамандығын игеру үшін үшін қандай дағдылардың қажет екенін, бұл сектор кәсіби даму барысында қандай мүмкіндіктер беретіні жайлы, сондай-ақ жас мамандарды қандай сын-қатерлер мен перспективалар күтетіні турасында әңгіме өрбіді.

Сөз кезегінде салалық жоғары оқу орындарының өкілдері логистика, авиация, теңіз және автомобиль көлігі сияқты көліктің түрлі салаларында мамандарды даярлауға бағытталған оқыту бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті.

Қазіргі уақытта Көлік министрлігі сала мамандарын даярлау мәселесіне баса назар аударып отыр. Айта кетерлігі, бүгінгі таңда білікті кадрлар тапшылығы маңызды мәселе болып отыр. Жалпы авто, теміржол және авиация мамандарына деген қажеттілік шамамен 9 мың маманды құрайды. Бұл ретте 39 ЖОО-да 16 мыңнан астам студент осы бағыт бойынша білім алып жатқанын айта кеткен жөн. Оның ішінде, «Автомобиль жолдары мен әуеайлақтар құрылысы», «Көпірлер мен көлік тоннельдерін салу», «Теміржолдар құрылысы» мамандықтары бойынша еліміз бойынша бар-жоғы 441 студент білім алады.

Бүгінгі таңда Көлік министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп, аталған мамандықтар бойынша бөлінетін грант санын ұлғайту бойынша тұрақты жұмыс жүргізуде.

 

13 мая 2024
Қазақстанда халықаралық әуе рейстердің саны артып келеді: Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды

Қазақстаннан ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567 рейске дейін жетті

Көлік министрлігі ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыстарды жалғастыруда.

Осылайша, Uzbekistan Airways әуе компаниясы 1 маусымнан бастап жаңа Алматы-Нөкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық «Эйрбас-А320» ұшағында орындалады.

Қолға алынған бұл шаралар екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп күтілуде.

Жалпы Қазақстаннан 28 елге 121 бағыт бойынша ұшатын халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

11 мая 2024
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары талқыланды

Көлік министрі Марат Қарабаев Өзбекстан Республикасының көлік саласына жауапты министрі Илхом Махкамовпен кездесті

Кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары және әріптестікті одан әрі нығайту мүмкіндіктері, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздерін, теміржол және автомобиль көлігін дамыту, көлік инфрақұрылымын салу салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, бүгінгі таңда «Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол желісінің құрылысы» жобасын іске асыру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Жобаны іске асыру екі ел арасындағы жүк өткізу қабілетін тағы 10 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік береді деп жоспарланып отыр.

Автотасымалдар саласындағы ынтымақтастық туралы айта келе, елдер арасындағы автотасымалдар Үкіметаралық келісім негізінде жүзеге асырылатынын атап өткен жөн.

«Өткен жылы автокөлікпен экспорттық-импорттық тасымалдау көлемі 6 пайызға ұлғайып, 1,8 млн тоннаны құрады. Жалпы автотасымалдау саласындағы ынтымақтастықты дамытудың оң серпіні байқалады", — деп атап өтті Марат Қарабаев.

Азаматтық авиация көлік-логистикалық хабтың негізгі қозғаушы күші. Қазіргі уақытта Қазақстан мен Өзбекстан қалалары арасында аптасына 37 рейс орындалады. Өткен жылы Ташкентте Қазақстан мен Өзбекстанның авиациялық билік органдары арасында келіссөздер өткен болатын. Келіссөздер барысында тараптар рейстер санын одан әрі ұлғайту және ұшу географиясын кеңейту мәселелерін талқылап, рұқсат етілген рейстер санын Астана – Ташкент бағыттары бойынша аптасына 12 рейстен 36 рейске дейін, Алматы-Ташкент бағыттары бойынша аптасына 20 рейстен 36 рейске дейін, ал қалған маршруттарда аптасына 4 рейске дейін ұлғайтуға уағдаласты.

«Термез-Мазари-Шариф-Кабул-Пешавар» теміржолының құрылысына келетін болсақ, қазақстандық тарап Өзбекстанның бұл бастамасын қолдайды.

«Жобаны іске асыру Орталық Азия елдері үшін өңірлік қатынас пен сауданы дамытуға ықпал ететініне сенімдімін, өйткені Оңтүстік Азия өңірінің ірі теңіз порттарына қолжетімділік ашылады»,-деді ведомство басшысы.

Тұтастай алғанда екі ел арасындағы жүктерді автокөлікпен тасымалдау және транзиттеу үкіметаралық келісімге сәйкес рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар 2024-2025 жылдар аралығында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы көлік және логистика саласындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі Жол картасына қол қойды.

Кездесуді қорытындылай келе, тараптар күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы