Елордада ауа райына байланысты әуе рейстері кешіктірілді
Ауа-райының қолайсыздығына байланысты бүгін түнгі сағат 02:30-дан бастап ұшу-қону жолақтарын тазарту үшін елорда әуежайы уақытша жабылды. Соған орай ұшуы тиіс 12 рейс және қонатын 9 рейс кешіктірілді (қосалқы аэродромға жіберілді).
Нұр-Сұлтан қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 9:00-де ұшатын рейстер үшін ашылды.
Қалыптасқан жағдайға байланысты жолаушылар әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласып отырғандары жөн.
Ұшуы кешіктірілген рейстер:
KC956 Алматы
FZ 1706 Дубай
КС 921 Франкфурт
КС 407 Шымкент
DV 741 Ақтау
КС 207 Дубай
КС 981 Атырау
КС 622 Алматы
КС 7315 Қызылорда
SU 1957 Мәскеу
КС 123 Ташкент
КС 977 Ақтөбе
Қонуы кешіктірілген рейстер:
IQ 386 Қарағанды
DV 722 Ақтөбе
КС 984 Атырау
КС 7328 Шымкент
КС 314 Ақтау
КС 138 Санкт Петербург
FZ 1705 Дубай
SU 1956 Мәскеу
КС 918 Алматы
* КС (3 сан) - Air Astana
КС (4 сан) - FlyArystan
IQ - Qazaq air
FZ - Fly Dubai
DV - SCAT
SU - Aeroflot
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отандық әуежайлар, әуе компаниялары, "ҚазМұнайГаз", "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниялары басшыларының және авиаотынды жеткізуші ірі компаниялар өкілдерінің қатысуымен азаматтық авиация мұқтаждықтары үшін отынмен қамтамасыз етудің ағымдағы жағдайы бойынша бірлескен жұмыс кеңесін өткізді.
Жиын барысында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының, Эйр Астана, СКАТ, Qazaq Air әуе компанияларының, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары әуежайларының, "ҚазМұнайГаз" АҚ және "ҚТЖ ҰК" АҚ компаниялары басшыларының әуежайлардағы авиаотынның қалдықтары, жыл соңына дейін тұтыну және өндіру көлемдері, 2022 жылға арналған жоспарлар, келісімшарт жасалған көлемді жөнелту және отынды теміржол арқылы тасымалдау туралы баяндамалары тыңдалды.
Авиаотынды жеткізушілерге авиакәсіпорындар үшін отынды жедел жөнелту жөнінде шаралар қабылдау және өндірілетін көлемді түпкілікті тұтынушыларға уақтылы жеткізу қажеттігі туралы айтылды.
Отандық мұнай өңдеу зауыттарында авиаотынды өндіру көлемін жоспарлау мақсатында ұзақ мерзімді перспективада кәсіпорындарға 2030 жылға дейін отын тұтынудың болжамды жоспарларын ұсыну тапсырылды.
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов әуе компаниялары мен әуежайларға алдағы мереке күндерін ескере отырып, жолаушыларды тұрақты тасымалдауды толық көлемде жүзеге асыруды тапсырды.
ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев отандық мұнай өңдеу зауыттары өндіретін авиаотын көлемі жолаушылар тасымалын орындайтын әуе компанияларының қажеттіліктерін толығымен жабатынын атап өтті. Сонымен қатар, әуе тасымалдары нарығында жүк және транзиттік қызметтердің айтарлықтай өскені байқалады. Оларды қамтамасыз ету үшін авиаотынды импорттау қажет деді ҚР Энергетика министрі.
Петропавл қаласының әуежайында жеке мәліметтерді растау үшін «e-Gov Mobile» қосымшасы арқылы цифрлық жеке куәлікті қолдану мүмкіндігі пайда болды. Бұған дейін мұндай қызмет Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау және Тараз қалаларында іске қосылған болатын.
Әуежайда цифрлық жеке куәлікті пайдалану үшін eGov mobile жүйесінде авторланған азамат «Цифрлық құжаттар» сервисіне кіріп, тізімнен өзінің жеке куәлігін таңдауы тиіс. Әуежайдағы тіркеу орнында, сондай-ақ ұшу алдындағы тексеруден өту кезінде смартфон экранынан сервистегі QR-кодты көрсету керек.
Цифрлық жеке куәлікті ел ішіндегі рейстерде пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ, Қазақстан Республикасының авиакомпаниялары мен әуежайлары және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ жүйелерін интеграциялау бойынша бірлесе жұмыс атқарды.
Цифрлық құжаттар сервисі пилоттық тәртіпте іске қосылды және бұл мүмкіндік әзірше Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан, Ақтау, Атырау, Тараз және Петропавл қалаларының арасындағы рейстерде ғана қолжетімді. Пилоттық жоба болғандықтан, бұл сервисті қолдануды жоспарлаған жолаушылар өзімен бірге жеке куәлігінің түпнұсқасын да алғаны жөн.
Елімізде 23 ішкі бағытта орындалатын рейстер субсидияланады.
Олар:
* Түркістан қаласынан 11 бағытта;
* Үшарал және Балқаш қалаларынан 2 бағытта;
* Көкшетау қаласынан 3 бағытта ұшатын рейстер.
Бұл бағыттарда билет құны 8 мыңнан 25 мың теңгеге дейін тұрады.
Олар бекітіліп, рейс ашылған сәттен бастап өзгермейді.
Бүгін "Qatar Airways" әуе компаниясының Алматы-Доха бағытындағы жаңа халықаралық рейсінің ашылу рәсімі өтті.
Іс-шараға ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, Алматы қаласы әкімінің орынбасары Серік Құсайынов, Катардың Қазақстандағы Елшісі Абдулазиз Сұлтан Әл-Румайхи, "Qatar Airways" әуе компаниясының шығыс өңірлер бойынша аға вице-президенті Марван Колелайт, Алматы қаласы әуежайының президенті Алп Ер Тунга Ерсой қатысты.
Рейстер аптасына 2 рет 132 орындық (12 бизнес класс, 120 эконом класс) Airbus А-320 әуе кемесімен орындалады. Жолаушылар Дохадағы Хамад халықаралық әуежайы арқылы "Qatar Airways" әуе компаниясының140-тан астам бағыттар желісін пайдалана алады.
Бұл бағытта рейстер 2020 жылдың көктемінде ашылуы керек еді. Бірақ пандемияға байланысты кейінге шегерілген.
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық бағыттарды қалпына келтіру және жаңаларын ашу жұмыстарын жүргізуде.
Skytrax халықаралық әуе көлігі рейтингтік ұйымы "Qatar Airways" әуе компаниясын "Жыл әуе компаниясы" деп жариялағанын айта кету керек.
Бүгін ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Қазақстан Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы әуе қатынасы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынды.
ҚР Үкіметі мен АҚШ Үкіметі арасындағы Әуе қатынасы туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) 2019 жылғы 30 желтоқсанда Елбасының, ҚР Президентінің тапсырмаларын орындау, Ұлт жоспары-100 нақты қадамның 73-қадамын және ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хаттамасын іске асыру мақсатында қол қойылды.
Келісімнің негізгі мақсаты - ҚР мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін құқықтық база жасау.
Келісімнің бірегей ерекшелігі оның шеңберінде тараптар әуе компаниялардың, межелі пункттердің және жиіліктердің саны бойынша, оның ішінде жолаушылар тасымалы үшін "ауа еркіндігінің" 5-ші дәрежесімен және жүк рейстері үшін "ауа еркіндігінің" 7-ші дәрежесімен шектеусіз ұшуды орындай алатындығында.
«Эйр Астана» мен SCAT әуе компаниялары АҚШ-қа рейстер орындауды жоспарлап отыр. Ұшулардың басталуы пандемияға байланысты Б-787 "Dreamliner" типті алыс магистральды ұшақтарды сатып алу шараларының 2025 жылдан кейінгі мерзімге ауыстырылуына байланысты болып отыр. Осыған орай АҚШ-қа рейстердің ашылуы 2025 жылға көзделген.
Сондай-ақ, Америка жағының талаптарына сәйкес қазақстандық әуе компанияларының АҚШ-қа рейстер орындауы үшін отандық компаниялар, әуежайлар мен авиациялық билік орындары АҚШ-тың Азаматтық авиациясы Федералдық басқармасының сертификаттын алуы тиіс.
Қазіргі уақытта бұл бағытта АҚШ авиациялық биліктерімен тиісті жұмыс жүргізілуде. Келісімді ратификациялағаннан кейін бұл жұмыс "Қазақстанның авиациялық әкімшілігі" АҚ-да жалғасады. Әдетте, сертификаттау шаралары шамамен 2-3 жылға созылады.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай және салауатты өмір салтын насихаттау мен Министрлік қызметкерлерін дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту мақсатында, Министрліктің қызметшілері арасында шахмат, тоғыз құмалақ және үстел теннисінен спорттық ойындар жоспарланды.
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында Азаматтық авиация комитетінің командасы үлкен үзіліммен біріншілікке шығып, бірінші орынға ие болды.
Шахмат командасында келесі қызметкерлер қатысты:
Нурекенова Карлыгаш Кайырлыовна – Ведомстволық бағынысты ұйымдармен жұмыс істеу және ғылым басқармасының басшысы;
Кабдушева Анара Сериковна - Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы;
Темешев Азат Серикович – әуежайлар басқармасының бас сарапшысы;
Шаяхин Руслан Карыбаевич - Қаржы және бухгалтерлік есеп басқармасының бас сарапшысы;
Комитет әріптестерін тамаша жеңісімен құттықтайды!
Бұл жеңіс соңғы емес, көптің бірі болсын!
Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес 2021 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Кувейттің "Jazeera Airways" әуе компаниясы Алматы мен Эль-Кувейт қалалары арасында Airbus A320/A20N әуе кемесімен аптасына 2 рет (сәрсенбі және жексенбі) тұрақты рейстер орындауды жоспарлап отыр.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниясының сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
Аталған шешім екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты, туризм мен іскерлік әріптестікті дамытуға ықпал етеді.
Қоғамдық кеңестің бейнеконференция форматында бүгін өткен отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов ведомствоның 2021 жылғы 9 айдағы қызметі туралы есебін ұсынып, жұмыс жоспарымен таныстырды. Есепті тыңдауға Қоғамдық кеңес мүшелері - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, қоғам қайраткерлері, кәсіби және үкіметтік емес ұйымдардың, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысты.
Өңдеуші өнеркәсіптің барлық секторларында өндіріс көлемі өсіп, жиынтық көрсеткіші 105,7% құрады.
Машина жасау саласы 22,8%, фармацевтика өнеркәсібі 38,1%, құрылыс материалдары өндірісі 10,1%, жеңіл өнеркәсіп 3,8%, химия өнеркәсібі 3,5% артты. Өңдеу өнеркәсібінің басқа салалары бойынша да оң динамика байқалады.
Іске асырылып жатқан индустриялық саясаттың арқасында өңдеуші өнеркәсіптің берік негізі қаланды. Бұл пандемия жағдайында сала өсімін сақтауға мүмкіндік берді.
Министр Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысына ерекше тоқталды.
Атап айтқанда, "Өнеркәсіптік саясат туралы" заң жобасы әзірленіп, орта және жоғары қайта бөліністегі тауарларды шығаратын кәсіпорындарды қолдау, бизнестің қарсы міндеттемелерін енгізу, кәсіпорындарды цифрлық трансформацияға және Индустрия 4.0 элементтерін енгізуге ынталандыру, отандық тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда ілгерілету және өнеркәсіптің жай-күйі туралы жыл сайынғы ұлттық баяндаманы қалыптастыру шаралары көзделген.
АЭА жұмыс істеуінің жаңа моделі әзірленді. Бүгінгі таңда 13 АЭА аумағында 1,6 трлн теңге сомасына 307 жоба іске асырылды. 21 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылды. Олардың жүктемесі 38% құрайды. Өнім өндіру көлемі 3,9 трлн. теңге, оның ішінде экспорт 298,7 млрд. теңге. 2021 жылы жоспарланған өндіріс көлемі 1,5 трлн. теңге.
Транзиттік әлеуетті арттыру үшін келесі жылы Түркістан-Шымкент-Ташкент учаскесінде Достық – Мойынты теміржол желісі, Дарбаза – Мақтарал және жылдамдығы жоғары теміржол желісі құрылысының жобаларын іске асыру жоспарлануда.
Көлік саласында пандемияға қарамастан, транзиттің жалпы көлемі биылғы 9 айдың қорытындысында 17,5 млн.тоннаны құрады. Бұл 2020 жылдың сәйкес көрсеткішінен 2,4% жоғары.
Азаматтық авиация пандемияға байланысты ең көп зардап шеккен салалардың бірі болды. Бұл ретте биыл саланың негізгі статистикалық көрсеткіштері өсті. 2021 жылдың 9 айында болжамды деректер бойынша тасымалданған жолаушылар саны 81% артып, 6,9 млн. адамды құрады. Сондай-ақ, әуежайларда қызмет көрсетілген жолаушылар саны 70% артып, 12,6 млн.адамды құрады. Қазір аптасына 756 рейспен 57 бағытта ішкі әуе қатынасы толық қалпына келтірілді.
Биыл автожол саласын дамыту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. Жол-құрылыс жұмыстарымен 8,4 мың шақырым қамтылды. Оның ішінде республикалық желі бойынша 5 мың шақырым, жергілікті жолдар мен көшелерде 3,4 мың шақырым.
Жыл қорытындысында республикалық жолдардың 2,2 мың шақырымында негізгі жұмыстарды аяқтау жоспарланып отыр.
Құрылыс саласында биыл Қазақстанда 17 млн шаршы метр тұрғын үй салу көзделген. Өткен 9 айда жалпы ауданы 10,3 млн шаршы метр болатын 89 мың баспана пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда - 108%.
Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар 989 млрд. теңге жетті. Бұл өткен жылғыдан 26,6% жоғары.
ҚР ИИДМ Қоғамдық кеңесі - Министрлік саясатын қалыптастырудың толық құқықты қатысушысы. 3 жыл ішінде Кеңес мүшелері 1200-ге жуық заң және нормативтік-құқықтық актілердің жобалары бойынша өз ұсыныстарын берді.
Кеңес азаматтық қоғамның пікірін білдірудің сындарлы алаңына айналды және ҚР ИИДМ ұжымына тұрғындар мен бизнестің мүдделерін дәлірек бағалауға көмектеседі.
Бұл инспекция Ұлт жоспарының 68-қадамы аясында UKCAA және EASA модельдерін енгізудің тиімділігін қамтамасыз ететін Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің сыртқы шолуы болып табылады. Еуропалық Комиссияның есебінде, сондай-ақ ИКАО және АҚШ-тың TSA жүргізген басқа да инспекцияларында қызметтің негізгі бағыттарына шолу жасалды. EC/EASA сарапшылары ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Қазақстанның авиациялық әкімшілігі тарапынан қабылданып жатқан шаралардың енгізілуін, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігі жөніндегі халықаралық стандарттарға сәйкес әуе кемелерін пайдаланушыларға сертификаттау мен қадағалау жүргізілуін бағалады.
Азаматтық авиация комитеті, Қазақстанның авиациялық әкімшілігі және операторлар жұмысының келесі негізгі бағыттары қарастырылды:
- ұйымдық құрылым мен ресурстар;
- авиациялық заңнама;
- авиациялық персонал куәліктерін беру және оқыту;
- әуе кемелерінің пайдаланушыларын қадағалау;
- ұшу қауіпсіздігін басқару;
- инспекциялық персоналды оқыту және стандарттау.
Инспекциялардың нәтижелері бойынша елдің авиациялық реттеушісі жетістікке жетіп, 2023-2024 жылдар аралығында өтетін Қазақстандағы келесі толық аудит барысында ИКАО тиімділігінің жоспарланған нысаналы көрсеткішіне 90% жетуі тиіс екендігі хабарланады. Белгіленген жақсарту бағыттары – авиациялық оқиғаларды тергеу туралы есеп беру және бейтараптық мәдениеті. Сондай-ақ Ұлыбритания мен EASA модельдерінің тұтастығын сақтау үшін ұйымдық және қаржылық құрылымдар.
Осы инспекциялардың нәтижелері бойынша есептерде талап етілетін тиімділікке қол жеткізу үшін одан әрі жұмыс күтілетін салалар егжей-тегжейлі сипатталған. Қазақстанның авиациялық әкімшілігінің бас директоры Питер Гриффитс: «Біз Қазақстан үшін реттеу моделін құру барысында атқарылған жұмыстарға жан-жақты және тәуелсіз сараптамалық бағалау жүргізу қажет екендігі маңызды. Бұл есептер маңызды, өйткені олар аяқтау кезеңіне жету үшін тағы не істеу керектігі туралы көзқарастарды береді. Есептер жалпы алғанда дұрыс бағытта келе жатқанымызды көрсетеді және біз Президенттің еліміздің авиация саласына қойған мақсатына жететінімізге сенімдіміз».
Келесі қадамдар – Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі еуропалық агенттігімен келесі үш жыл ішінде келісім-шарт жасасу, оған Ирландия тарапынан «Эйр Астана» әуе компаниясының әуе кемелері паркін қайта тіркеудегі өзгерістерді қадағалауға көмек көрсетуде қолдау кіреді. АҚШ Көлік қауіпсіздігі әкімшілігінің (TSA) жоспарлы тексерісінен кейін 2022 жылдың көктемінде FAA Cat 1 мәселесін талқылау басталады.