Меню
Страницы
Баспасөз орталығы
Қызметі
Комитет туралы
Құжаттар
Байланыс ақпарат
Онлайн қабылдау
Все материалы
06 октября 2022
Әуе көлігіндегі жолаушылар ағыны артуда – ҚР ИИДМ

2022 жылдың 8 айында отандық әуекомпаниялар тасымалдаған жолаушылар саны 6,9 млн адамды құрады. Атап айтқанда, олар ішкі желілерде биылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында 4,9 млн адам (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 4,9 млн адам), ал халықаралық желілерде 2 млн жолаушыны (2021 жылғы сәйкес кезеңде – 1,2 млн адам) тасымалдады.

Мәселен, «Air Astana» компаниясы шамамен 2,7 млн, «FlyArystan» 2,1 млн, ал «SCAT» авиакомпаниясы 1,8 млн жолаушы тасымалдаған.

Аталған кезеңде еліміздің әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 13,1 млн адамды құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13 пайызға артық (2021 жылы – 11,6 млн адам).      

Қазіргі уақытта ішкі авиарейстерді аптасына 617 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 6 отандық авиакомпания орындайды.

Халықаралық рейстер аптасына 490 рейс жиілігімен 112 бағыт бойынша 28 елде орындалады. Олардың қатарында Түркия, БАӘ, Өзбекстан, Грузия, Тәжікстан, Ресей, Қырғызстан, Беларусь, Германия, Египет, Оңтүстік Корея, Нидерланды, Польша, Армения, Ұлыбритания, Мальдив аралдары, Таиланд, Әзірбайжан, Катар, Кувейт, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Үндістан, Иран, Черногория, Греция, Италия, Қытай мемлекеттері бар.

05 октября 2022
«SCAT» әуекомпаниясы үшін жаңа әуе кемесі келді

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасы бойынша әуе кемелер паркін ұлғайту және қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығын арттыру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мәселен, «SCAT» әуекомпаниясының әуе кемелер паркі ағымдағы жылы жоспарланған 9 ұшақтың бесіншісімен толықтырылды. Заманауи «Боинг-737» ұшағының сыйымдылығы 189 орындық. Бұл әуе кемесі авиакомпанияның флотын 31 бірлікке дейін, оның ішінде 24 «Боинг» моделіне дейін ұлғайтады.

Биылғы тамыздан бастап әуекомпания сыйымдылығы тиісінше 174-тен (оның ішінде 12 бизнес-класс орындары) 189 орынға дейін 4 «Боинг-737» ұшағын алып, іске қосты.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың соңына дейін отандық тұрақты тасымалдаушылар тағы 8 ұшақ алады деп күтілуде, осылайша қазақстандық авиакомпаниялардың тасымалдау сыйымдылығы 20%-ға артады, бұл да ұшуды уақтылы орындауға оң әсер етеді.

Қазақстандық авиакомпаниялардың әуе кемелер паркін кеңейту жұмыстары жалғасуда және Аазаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында. 

 

04 октября 2022
ИКАО Кеңесінің президенті Қазақстанның азаматтық авиацияны дамыту жөніндегі бастамаларын қолдады

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация ИКАО Кеңесінің президенті Сальваторе Шаккитано мырзамен кездесу өткізді.

Кездесу барысында С. Шаккитано мырзаға Қазақстанның соңғы жылдары әуе көлігін реттеу саласында қол жеткізген ағымдағы жағдайы мен ілгерілеуі туралы ақпарат берілді.

ИКАО Кеңесінің президенті ИКАО стандарттары мен ұсынылған тәжірибеге берілгендігі үшін алғыс білдірді.

 

03 октября 2022
Қазақстан мен Малайзия арасында тікелей әуе рейстері ашылады

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев бастаған қазақстандық делегация Малайзияның авиациялық билік өкілдерімен келіссөздер жүргізді.\

Басқосуға Малайзия тарапынан аталған мемлекеттің әуе билігінің директоры Датук Честер Ву Көлік министрлігі өкілдері, Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ең ірі лоукостер "Air Asia" және "Malaysia Airlines" басшылығы қатысты.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Малайзия арасындағы тікелей әуе қатынасын жаңарту мәселелерін талқылады.

Бұған дейін, 2019 жылы Covid-19 пандемиясының алдында Азаматтық авиация комитеті "Air Asia" әуекомпаниясының Қазақстанға рейстерін ашу бойынша жұмыс жүргізген болатын. Алайда ол карантиндік шектеулерге байланысты тоқтатылды.

Қазақстандық тарап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қазақстанда енгізілген "ашық аспан" режимін пайдалануды ұсынды.

Ірі төмен бюджеттік "Air Asia" әуекомпаниясы басшылығының ақпараты бойынша 2023 жылы Куала-Лумпурдан Қазақстанға одан әрі қарай үшінші елге ұшатын рейстерді іске қосу жоспарлануда (ауа еркіндігінің 5-ші дәрежесі).

Тікелей рейсті іске қосудың техникалық мәселелерін пысықтау үшін биылғы қазан айында "Air Asia" әуекомпаниясының атқарушы директоры Бенджамин Исмаил Қазақстанға арнайы сапармен келмек.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

01 октября 2022
«Fly Arystan» әуекомпаниясының паркі жаңа әуе кемесімен толықты

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтің тапсырмасы бойынша Азаматтық авиация комитеті қазақстандық авиакомпаниялармен бірлесіп, әуе кемелер паркін өсіру, тасымалдау сыйымдылығын ұлғайту және рейстердің кешігу санын азайту жөніндегі жұмысты жалғастыруда.

Бүгін түнде «Fly Arystan» әуекомпаниясының «А320nео» жаңа әуе кемесі келді. Бұл ұшақ авиакомпания паркіндегі 12-ші кеме және сыйымдылығы 188 орны бар алғашқы борт (әуекомпанияның қалған кемелерінің  сыйымдылығы 180 орын).

Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап қазақстандық әуекомпаниялар үшін сыйымдылығы 174-тен 189 орны бар алты әуе кемесі алынды.

Әуе кемесін пайдалануға беру әуекомпанияның тасымалдау сыйымдылығына, кесте мен билет ұсыныстарының уақытылы орындалуына оң әсерін тигізеді.

Ағымдағы жылдың соңына дейін қазақстандық әуекомпаниялар қосымша сегіз ұшақ алмақ, бұл тасымалдау сыйымдылығын 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. Қазақстан әуекомпаниялардың әуе паркін кеңейту бойынша жұмыс жалғасуда және Азаматтық авиация комитетінің тұрақты бақылауында.

 

ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі

30 сентября 2022
Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында тікелей рейс ашу жоспарлануда

2022 жылғы 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында Монреаль қаласында (Канада) өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) Ассамблеясының 41-ші сессиясы шеңберінде қазақстандық делегация Сейшел аралдары Республикасының авиациялық билік орындарымен келіссөздер жүргізді.

Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Сейшел аралдары Республикасының Көлік министрі Энтони Дерьякуес кездесуі барысында Қазақстан мен Сейшел аралдары арасындағы тікелей әуе қатынасы мәселелері және оны одан әрі даму жолдары талқыланды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар тарихта алғаш рет меморандумға қол қойды, оған сәйкес екі елдің тағайындалған тасымалдаушылары әр тараптан әуе кемесінің кез келген түрімен елдер арасында аптасына 7 тұрақты рейсті орындау құқығына ие болды.

Министр Энтони Дерьякуестің айтуынша, «Эйр Сейшел» ұлттық авиакомпаниясы қол қойылған құжат негізінде келесі жылдың қаңтарында Виктория - Алматы бағыты бойынша елдеріміз арасында тікелей рейс ашуды жоспарлап отыр.

Тараптар екі ел арасындағы туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығын атап өтті.

 

ҚР ИИДМ Баспасөз қызметі

30 сентября 2022
Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы әуе рейстері үш есеге артады

Канаданың Монреаль қаласында өтіп жатқан Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ICAO) Ассамблеясының 41-ші сессиясы аясында Қазақстан мен Сауд Арабиясының азаматтық авиация саласындағы билік өкілдері өзара келіссөздер жүргізді. Атап айтқанда, ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев пен Корольдіктің Азаматтық авиация Бас басқармасының президенті Абдулазиз бен Абдуллах әл-Дуайлеж мемлекеттер арасындағы ынтымақтасты дамытудың басты мәселелерін назарға алды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев пен Қажылық және ұмра министрі Тауфик бен Фаузан бин Мұхаммед Әл Рабианың кездесуі нәтижесінде берілген тапсырмаларды орындау шеңберіндегі кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы тікелей әуе қатынасын орнатудың тетіктерін талқылады.

Басқосуда елдер арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін тікелей әуе қатынасының маңыздылығына да назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша арнайы құжатқа қол қойылды. Оған сәйкес, екі мемлекет арасындағы тұрақты жолаушылар рейстерінің саны аптасына 4-тен 14 рейске дейін, яғни 3 есеге дейін ұлғаймақ.

Қазақстан тарапы 2022-2023 жылдардағы күзгі және қысқы навигациялық маусымда бірқатар отандық әуе компаниялары тұрақты жолаушылар тасымалын ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, «Air Astana» Алматы – Медина бағытында, «Fly Arystan» Ақтау – Медина бағыттарында аптасына жиілігі 2 реттен тұрақты рейстер орындамақ. Сондай-ақ отандық SCAT компаниясы да аптасында 2 рет Алматы –Джидда бағытында әуе тасымалын ұйымдастыруды жоспарлауда.

Ал саударабиялық Fly Nas әуе тасымалдаушысы Джидда – Алматы бағытында тұрақты рейс ашуды жоспарлап отыр.

Кездесу соңында делегация өкілдері тікелей әуе қатынастарының ашылуы мемлекеттер арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға елеулі үлес қосатынын атап өтіп, бұл тараптағы жұмыстарды одан әрмен жалғастыруға уағдаласты.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

23 сентября 2022
SCAT авиакомпаниясының паркі тағы бір «Boeing» ұшағымен толықты

Биылғы жылдың тамыз айынан бері қазақтандық әуе тасымалдаушы төртінші «Boeing-737» әуе кемесін алды

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті отандық авиакомпаниялармен бірлесіп әуе кемелері паркін ұлғайту, тасымалдау сыйымдылығын арттыру және рейстердің кешігу санын азайту бағытындағы жұмыстарды одан әрмен жалғастыруда.

22 қыркүйекте елімізге SCAT әуе компаниясының тағы бір «Boeing-737» ұшағы келді. Сыйымдылығы 189 орындық бұл әуе кемесі авиакомпания паркіндегі ұшақтар санын 30-ға дейін арттырады. Жаңа борт ұшу кестелерінің дер кезінде орындалуын қамтамасыз етпек.

2022 жылдың тамыз айынан бері қазақстандық әуе тасымалдаушы компания жалпы сыйымдылығы 174-тен 189 орындыққа дейін үш «Boeing-737» ұшағын алды. Жыл соңына дейін тағы 10 әуе кемесімен толығады деп жоспарланып отыр.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаевтың тапсырмасын орындау нәтижесінде отандық әуе компанияларының тасымалдау сыйымдылығы 20 пайызға дейін ұлғаймақ.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі

20 сентября 2022
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті «Жезқазған-эйр» Авиакомпаниясы АҚ-ның тарифті бекіту жайлы жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – Комитет) «Жезқазған-эйр» Авиакомпаниясы АҚ-ның тарифті бекіту жайлы Қазақстан Республикасының әуежайларында коммерциялық емес мақсаттарда техникалық қонуды жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігі арқылы транзиттік ұшып өтуді жүзеге асыратын және халықаралық бағыттар бойынша авиатасымалдарға қызмет көрсетуді қоспағанда, қонатын әуежайда өңдеуге (тиеуге және/немесе түсіруге) жататын жүктер (пошталар) болған жағдайда, жолаушылар тасымалдайтын әуе кемесіне қонғаннан кейін үш сағаттан және жүк тасымалдайтын және жүк-жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінің сертификатталған түрлері үшін алты сағаттан астам тұрақ орнын беру жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтерге ұсынылған өтінімін қарау барысында жария тыңдаулардың болатындығын мәлімдейді:

          Жария тыңдаулар 2022 жылдың  26 қыркүйегінде сағат 15-00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде өткізіледі (тарифтерді оңайтылған тәртіппен бекіту, конференция идентификаторы: 874 04 16 7181, кіру коды: 291078).

Жария тыңдауларға тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдары және өзге мүдделі тұлғалар шақырылады.

Байланыс телефондар: +7 7172 75 48 39; +7 701 767 50 56.

14 сентября 2022
ИИДМ-да мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға кедергісіз орта құру мәселесі талқыланды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Ашық сағат алаңы» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жолаушылар үшін кедергісіз орта қалыптастыруға арналған басқосу өтті. Жиынға Қазақстанның авиация әкімшілігі, отандық әуежайлар мен авиакомпаниялардың өкілдері және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері қатысты.

Басқосуда ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Салтанат Томпиева әуе көлігінде мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға кедергісіз орта қалыптастыруға бағытталған қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге байланысты атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты. Бұл жұмыстар шеңберінде Жолаушыларды, багажды және жүктерді әуе көлігімен тасымалдау қағидасына бірқатар түзетулер енгізілді. Атап айтқанда, ментальді ақауы бар жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, мүмкіндігі шектеулі жолаушыларға олардың қажеттілігіне қарай орын бөлу қарастырылған.

Ал Қазақстанның азаматтық авиация әкімшілігінің өкілі еліміздегі әуежайларда ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға қызмет көрсету бойынша тиісті талаптар сақталатынын атап өтті.

 «Авиация әкімшілігі техникалық қадағалауды тұрақты іске асыруда. Мәселен, жыл басынан бері 7 арнайы тексеріс жүргізіліп, оның нәтижесінде 15 бұзушылық анықталды. Инспекция барысында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған амбулаторлық лифтінің жоқтығы және бірқатар қызметтердің қолжетімсіздігі белгілі болды. Барлық ескертулерді әуежайлардың әкімшілігі бекітілген мерзімде орындауда», – деді Қазақстанның азаматтық авиация әкімшілігінің өкілі.

Өз кезегінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың құқығын қорғау бойынша үкіметтік емес ұйымның өкілі Василий Шиманский әуе көлігінде ерекше қажеттілікті талап ететін жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған нақты шаралар енгізу керектігін алға тартып, осы тараптағы ұсыныстарын жеткізді. Оның қатарында авиакомпаниялардың жолаушылардың сұрағы мен өтінішіне дер кезінде жауап беру, арбаға таңылған азаматтарды тіркеу кезіндегі процестерді жетілдіру сынды ұсыныстар бар. Сонымен қатар басқа елдің аумағындағы жолаушыларға рейстің кешігуі немесе кейінге қалдырылғаны жөніндегі хабарламаны уақтысында хабарлау тетігін іске қосу да айтылды.

 «Бұның барлығы да кешенді мәселе екендігі белгілі. Сондықтан да барлық категориядағы азаматтар үшін қолайлы жағдайлар жасалуы тиіс. Әуежайлар түрлі қажеттілігі бар адамдарға бейім болғаны жөн. Әсіресе, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға өздігінен қызмет көрсете алуына ерекше назар аудару керек», – дейді қоғамдық ұйым өкілі.

Сөзінің соңында ол әуе көлігінде ерекше қажеттілігі бар жолаушыларға қызмет көрсету бойынша тәжірибе алмасуды ұйымдастырудың маңызын атап өтіп, осы орайда арнайы жұмыс тобын құруды ұсынды.

Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары ынталы мемлекеттік органдар мен өзге де ұйым өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобы құрылғанын жеткізді. Сондай-ақ Салтанат Томпиева азаматтар тарапынан өтініштерге жауаптар заңға сәйкес нақты мерзімде берілуі тиіс екендігін айтты.

AUTISM KAZAKHSTAN Ұлттық Қауымдастығының төрағасы Нұрия Балтабайқызы ментальді ақауы бар жолаушыларға әуе көлігінде қолайлы жағдай туғызып, осы тараптағы қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізуге бастамашылық танытқаны үшін Азаматтық авиация комитеті төрағасы Талғат Ластаев бастаған жұмыс тобына алғысын білдірді. Сондай-ақ ол мүмкіндігі шектеулі балаларға да ыңғайлы жағдай жасау бойынша бірнеше іс-шараны ұсынды. Ұсыныстар қатарында ментальді ақауы бар жеткіншектерге әуежайларда арнайы таспалар берілу керектігін айтты. Бұл әуежай қызметкерлеріне аталған жолаушыға қызмет көрсетуде ерекше назар аудару керектігін білдіреді. Қоғамдық ұйым жетекшісінің айтуынша, аутизм дертіне шалдыққан немесе өзге де ментальді ақауы бар балалардың мінез-құлқында агрессивтілік басым болады. Бұл тіркеу кезінде немесе жүктерді тексеру барысында қолайсыздық туындатуы мүмкін.

Басқосу барысында ҮЕҰ өкілдері кейбір интернет-платформалар арқылы авиабилеттерді сатып алу барысында әуе компаниялардың мүмкіндігі шектеулі және ментальді ақауы бар жолушыларға қажетті жағдайлар туралы ақпараттың жоқтығына да назар аударды. Қолданыстағы заңнамаға орай жолаушылар да авиакомпанияларға жоғарыдағы шектеулер туралы алдын ала хабарлауы тиіс. Жиында әуе компаниялардың өкілдеріне осы бағыттағы шараларды жетілдіру жүктелді.

Жиын қатысушылары қозғалысы шектеулі азаматтар тобына кедергісіз орта құру басты мақсат екендігін айтты. Басқосу соңында Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары ұсыныстардың барлығы ескерілетіндігін атап өтіп, отандық әуежайлар мен авиакомпания өкілдеріне және Қазақстанның авиация әкімшілігіне тиісті тапсырмалар берілді.

Өз кезегінде авиакомпания мен әуежай өкілдері басқосуда көтерілген мәселелердің барлығы назарға алынатынын, сондай-ақ әуе тасымалы кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету сапасын арттыруды жетілдіру бойынша жұмыстар жалғасын табатындығын мәлімдеді.

Айта кетейік, «Ашық сағат алаңы» жобасы министр Қайырбек Өскенбаевтың бастамасымен түрлі түйткілді мәселелерді талқылау, сондай-ақ ИИДМ-нің жан-жақты қаралған және зерделенген жоспарлары мен шешімдерін қабылдау үшін құрылған болатын. Жоба «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыруға, ведомство қызметкерлерінің қоғаммен кері байланыс орнатуға және мүдделі азаматтарды өзекті жалпыұлттық міндеттерді талқылауға тарту үшін бағытталған.

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Мемлекеттік рәміздері
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты
Терминдер мен қысқартулар
Тұрақты даму мақсаттары
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы