Атырауда 2 500-ден астам адам әскери шеруді тікелей эфирде тамашалады

Атырауда  2 500-ден астам адам әскери шеруді тікелей эфирде тамашалады

Бүгін Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад өтті. Шеру қаладағы М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында, «Бейбарыс сұлтан» алаңында және аудандар орталығында LED-экраннан көрсетілді,-деп хабарлайды Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Облыс әкімі Серік Шәпкенов, қала,аудан әкімдері, ардагерлер, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері, құрмет қарауыл ротасы, Атырау гарнизонының әскери қызметшілері, тәжік-ауған соғысының және таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялар, азаматтық қоғам өкілдері мен жастар, жалпы саны 2 500-ден астам адам LED-экран арқылы трансляцияны қарады.

Елордадағы Әскери парадқа Атырау облысынан 15 адамнан құралған делегация қатысты. Оның ішінде тыл және еңбек ардагерлері бар.