М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрында 7 мамыр - Отан қорғаушы күніне орай салтанатты шара өтті,-деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Жиынға аймақ басшысы Серік Шәпкенов, мемлекеттік органдар басшылары, құқық қорғау органдары өкілдері, құрмет қарауыл ротасы, Атырау гарнизонының әскери қызметшілері, тәжік-ауған соғысының және таулы Қарабақ қақтығысының ардагерлері қатысты.
Шара ҚР Президенттік оркестр жанындағы «Abyroy» тобының, 5546 әскери бөлімі оркестрінің және жергілікті әртістердің концертімен басталды.
Содан соң Астанадағы «Қазақ елі» алаңында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қатысуымен өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған Әскери парад тікелей эфирден көрсетілді.