Атырау облысы әкімінің өкімімен мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасы басшысының лауазымына Серік Демегенов тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникация қызметі.
Серік Жұмажанұлы 1981 жылы Атырау облысы, Мақат ауданында дүниеге келген. 2003 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Басқару және құқық институтын “Құқықтану” мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Серік Жұмажанұлы мемлекеттік қызмет саласындағы алғашқы жұмысын 2004 жылы Махамбет аудандық прокуратурасында бастап, жалпы еңбек жолында жиырма жылдан астам уақыт бойы тәжірибе жинаған.
20.05.2013 – 21.05.2020 ж.ж. Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
21.05.2020 – 15.03.2021 ж.ж. Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы;
15.03.2021 – 04.01.2023 ж.ж. Атырау облысы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары;
04.01.2023 жылдан осы уақытқа дейін Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметінде болды.