
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылға арналған Атырау облысы сайлау комиссияларының, сайлау процесіне қатысушыларды электоралдық оқытудың іс-шаралар жоспарына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Атырау облысы бойынша филиалымен бірлесіп Атырау қаласы мен барлық аудандардың учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін «Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды ұйымдастыру және өткізу» тақырыбында 2025 жылдың 26 ақпанынан бастап арнайы кесте бойынша оқыту семинарлары басталды.
14 наурызға дейін жалғасатын оқыту семинарларымен жалпы облыс аумағындағы 276 учаскелік сайлау комиссиясының 1085 мүшесін қамту жоспарланды.