Биыл Атырауда 12 мың орындық стадионның жобасы басталады

Биыл Атырауда 12 мың орындық стадионның жобасы басталады

Атырау қаласында халықаралық талаптарға сай 12 мың жанкүйерге арналған жаңа стадион жобасы биыл басталады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жобаның тапсырыс берушісі - Атырау облысы Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Стадион Атырау қаласындағы «Аламан базары» маңынан салынбақ.

Қазіргі таңда аталған құрылыс нысаны бойынша жобалау-сметалық құжаттама жасауға тендерлік рәсімдер жүргізілуде. Нысанның жер учаскесі - 7,7 гектар. Ғимараттың жалпы ауданы - 35 000 шаршы метр.