Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталып, аталған мектеп оқушылары онлайн білім алатын болды

Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталып, аталған мектеп оқушылары онлайн білім алатын болды

Атырауда үш баладан қызылша ауруы анықталып, аталған мектеп оқушылары онлайн білім алатын болды

Бұл туралы Білім беру басқармасының басшысы Гүлнар Сәдуақасова мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

- Жаңаталап ауылындағы Жамбыл атындағы орта мектебінің 5 сыныптан - 1 баладан, 3 сыныптан - 2 оқушыдан қызылша ауруының белгілері анықталды. Осыған байланысты 3 сынып пен 5 сыныпты 25 сәуір мен 2 мамыр аралығында қашықтықтан оқыту форматына көшіреміз деп шешім қабылдадық. Өйткені, дизенфекция мен тазалық жұмыстары жүргізілу керек,- деді Г.Сәдуақасова.

Жалпы биыл Атырауда 2 наурыз – 24 сәуір аралығында алғашқы диагнозы бойынша қызылшаға күдікті 15 жағдай тіркелген.

- Оның ішінде алтауынан қызылша ауруы зертханалық жолмен дәлелденді. Ал 4 жағдай бойынша зертханалық тексеру қорытындысы теріс нәтиже берді. 5 жағдайға байланысты зерттеу қорытындысы жүргізіліп жатыр. Оған қоса науқастармен қарым-қатынаста болған 216 адам медициналық бақылауда. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша 7 адамға қызылшаға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізілді.
Санитарлық–эпидемиологиялық тексеру жалғасуда,- деді Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мәдениет Танауов.