Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

Атырауда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы басталды

Кезектен тыс ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын өткізуге орай Атырау облысы бойынша дауыс беру басталды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Өңірде барлығы 269 сайлау учаскесі бар, оның 11 - і жабық, олар ауруханалар, уақытша ұстау орындары және әскери бөлімдер. Барлық учаскелер материалдық-техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілген, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сондай - ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың дауыс беруі үшін жағдайлар қарастырылған-облыстың қалалары мен аудандарында 54 инватакси қызметі ұйымдастырылған.

ҚР Орталық сайлау комиссиясы аккредиттеген қоғамдық бірлестіктер мен коммерциялық ұйымдар - 14, облыстық аумақтық сайлау комиссиясы аккредиттеген - 6.

Сайлау бойынша өңірде 442 кандидат тіркеліп отыр. Олардың ішінде Мәжіліске 11 кандидат, облыстық мәслихаттың 6 партиялық тізімінде 60 кандидат, облыстық мәслихаттың 15 бірмандаттың сайлау округтері бойынша 39 кандидат, Атырау қалалық мәслихатына 71 кандидат, 7 аудандық мәслихатқа 261 кандидат тіркелген.

Айта кетейік, өңірдегі сайлаушылар саны 412165.