Жаппай балық қырылуының алдын алу жұмыстары пысықталды​

Жаппай балық қырылуының алдын алу жұмыстары пысықталды​

Жаппай балық қырылуының алдын алу жұмыстары пысықталды​

Облыс ​ әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаевтың төрағалығымен​
су айдынында жаппай балық қырылуының алдын алу ​ туралы жиын өтті. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Жиында Балық шаруашылығы басқармасының басшысы Артур Сәдібекұлы баяндама жасады. Оның сөзінше, 2021-2025 жылдарға арналған жаппай балықтардың қырылу қаупін алдын алу ​ үшін облыс бойынша ​ бірнеше ауқымды шаралар қолға алынды. Мәселен, бүгінде қауіпті аймақтардың тізімі жасақталып,бақылау жұмыстары күшейтілді.​

- Сонымен қатар, Балық шаруашылығы басқармасы әр тоқсан сайын қала мен аудан әкімдіктердің атқарылған жұмыстарына талдау жүргізіп отырады. Орман қоры жерінің аумағында орналасқан су айдындарында балық өлу қаупі өте жоғары. Себебі, орман қорындағы су көздері қураған ағаштар мен өсімдіктерден тазаланбаған.Бұл шабақтың еркін қозғалысына кедергі келтіреді. Биыл жауған қардың көлемі көп болуына орай, көктемде келетін судың деңгейі 2022 жылмен салыстырғанда артады деген болжам бар.Бұл балықтың қырылуына әкеледі,- деді А.Сәдібекұлы.

Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев салаға жауапты басқарма басшыларына ​ балық қырылу қаупін ​ алдын алу үшін ​ іс –шаралар жоспарын бекіту туралы нақты тапсырма берді.​

- Бұл ретте нақты іс-шаралар жоспарын дайындап, тиісті жұмыстарды ұйымдастыруды, белгіленген тапсырмаларды тәртіпке сай жүзеге асыруды жауапты басқарма басшыларына тапсырамын. Бұл жұмыстарды жасауға екі апта ғана уақыт бар. Тездетіп жүйелі жұмыс жасаңыздар,-деді Қ.Нұртаев. ​

Сондай-ақ, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан жолдардағы көпірлердің су өткізуге жарамдылығын тексеруді, ​ әрі көктемгі өр суы келетін кезде қала мен аудан әкімдеріне ​ бірлесіп кезекшілік ұйымдастыруды жүктеді.