Атырауда 6-наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру үшін құжат қабылдау басталады

Атырауда 6-наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру үшін құжат қабылдау басталады

Атырауда 6-наурыздан бастап жастарға жеңілдікпен шағын несие беру үшін құжат қабылдау басталады

21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға жеке кәсібін ашу немесе кеңейту үшін 2,5 пайыздық жеңілдікпен шағын несие беріледі. Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов мәлім етті деп, хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Микрокредиттің ең жоғары мөлшері - 5 миллион теңге. Ал, қатысу кезеңі мал шаруашылығындағы жобалар үшін - 7 жыл, одан өзге кәсіптік мақсаттар үшін - 5 жыл. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі-жылдық 2,5% - дан аспайды.

– Микрокредитке өтінім берушілер арасында Жеке кәсіпкер болса, оның жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелу мерзімі бес жылдан аспауы тиіс. Сондай-ақ, микрокредит алушылар үшін негізгі борыш пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең беріледі, ол микрокредит мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайды.
Кепіл болуы – міндетті. Ол үшін жылжымалы (мамандандырылған техника) және жылжымайтын мүлік қабылданады. Кепілмен қамтамасыз ету болмаған жағдайда кепіл берушіні (ата-аналарын, туыстарын және т.б.) тартуға болады - деді, Азамат Мәмбетов

Айта кетейік, өтінім беру үшін қажетті құжаттарды «Агронесие корпорациясы» АҚ-ның Атырау облысы бойынша филиалына тапсыру қажет