Құрманғазыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды

Құрманғазыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды

Құрманғазыда инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды

Құрманғазы ауданы Құрманғазы ауылдық округінде инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысы аяқталды, деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Жоспар бойынша жоба 468 жер учаскесіне арналып, кезекте тұрған жеке тұлғаларға тұрғын үй құрылысы үшін 0,1 гектардан жер беріліп бастады. Қазіргі таңда осы 468 жер учаскесіне «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 13,1 шақырымға ауылішілік жолдар, 41,4 шақырымға электр жарығы, 27,4 шақырымға ауыз су және 21,4 шақырымына газ құбыры тартылып, учаскелер толықтай дайын. Мердігер мекеме «Қарағанды жолдары» ЖШС болса, жоба құны 1 миллиард 550 миллион 645 мың теңге.

-Құрманғазы ауылы бойынша 2016 жылдан бері кезекте тұрған екі мыңға жуық жер сұраушы бар. Қазіргі кезде заң шеңберінде кезекпен тұрғындарға жер беріле бастады. Дәл бүгінге дейін 468 учаскенің ішінде 60 жер алуға арыз беруші тиісті жерін алды. Келесі кезекте 120 тұрғынға беріледі деп күтілуде. Осылайша қалған кезекте тұрған 288 жер алуға арыз берген тұрғынға жер учаскелері кезең-кезеңімен беріледі, деді аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ренат Нұғманов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта осы жер учаскелері беріліп, тұрғын үй құрылысы толықтай аяқталғаннан кейін, 2013 жылы бекітілген бас жоспарға сәйкес, Құрманғазы ауылында жаңа ықшамаудан құру жоспарлануда.